Есеп № 22
Бауырдың экстирпациясы кезіндегі гипогликемияның дамуы, бауырда қан құрамындағы қанттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін гликогенез, глюконеогенез және гликогенолиз үрдістерінің өтетіндігімен түсіндіріледі.
Адреналиннің гипергликемиялық әсері оның гликогенолизді белсендіруімен түсіндіріледі. Бірақ гликогеннің ыдырап, глюкозаның түзілуі тек бауырда ғана өтеді, содан соң глюкоза шеткері қанға шығарылады. Бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы адреналиннің әсерінен тек сүт қышқылының түзілуіне дейін ғана жүреді, өйткені бұлшық еттерде гликогеннен түзілетін глюкоза-6-фосфатты фосфорлау үшін қажетті глюкоза-6-фосфатаза ферменті жоқ. Фосфорилденген глюкоза бұлшық еттерден қанға өте алмайды, ол не сүт қышқылына дейін тотығып кетеді, немесе қайтадан бұлшық ет гликогеніне ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |