«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет147/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 25
1. Науқаста бауырдың гликоген синтездеу, яғни галактозаны глюкоза мен гликогенге айналдыру қызметі бұзылған.
2. Бауырда тағаммен түскен барлық моносахаридтерді (галактоза, фруктоза) басқа мүшелер мен тіндерде ары қарай қорытылуға қабілетті глюкозаға айналдыру жүреді. Бауырдың зақымдануы кезінде бауыр жасушаларының галактозаны глюкозаға айналдыру қабілеті әлсірейді. Басқа тіндермен пайдаланылмаған галактоза көп мөлшерде зәрмен шығарылады.


Есеп № 26
1. Жоқ, негіз бола алмайды.
2. Алынған мәліметтер механикалық сарғаюдың дамығаның дәлелдейді. Протромбин синтезінің төмендеуі протромбин синтезі жүретін бауыр жасушаларының белок синтездеу қызметтерінің біріншілік бұзылыстарына немесе протромбиннің синтезделуіне қажетті К витаминінің жеткіліксіздігіне байланысты болуы мүмкін. Механикалық сарғаюдың дамуы кезінде майлар мен майда еритін К витаминінің сіңірілуінің шектелуі, протромбин синтезінің төмендеуіне әкеледі. Егер К витаминін тамыр ішілік еккеннен кейін протромбин мөлшері жоғарласа, онда бұл жағдай бауырдың протромбин өндіру қызметінің біріншілік бұзылыстары болғаның жоққа шығарады, ал керісінше протромбиннің К-тәуелді тапшылығын дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет