Науқас жиі қолданған сульфаниламидтік дәрі-дәрмектер гаптендік қасиетке ие. Гаптендер лейкоциттер мембранасының белоктарымен бірігіп, жаңа антигендік қасиетке ие кешендер түзуге қабілетті болады. Бұл кешендерге жауап ретінде лейкоциттер беткейіне жабысу қабілеті бар антиденелер - лейкоагглютининдер өндіріледі.
Иә, байланыс бар. Нейтропения кезінде фагацитоз белсенділігі төмендейді, ол организмнің спецификалық емес төзімділігінің төмендеуіне, антидене түзілудің тежелуіне және бактериялық инфекцияларға сезімталдықтың жоғарлауына әкеледі.
Есеп № 42 Гранулоцитарлық.
Агранулоцитозды.
Гранулоцитарлық элементтердің пролиферациялық белсенділігінің тежелуіне әкелген сульфаниламидтік дәрі-дәрмектердің үлкен дозаларының миелотоксикалық әсері.
Есеп № 43 Лейкоцитарлық формулада миелоидтық қатардың пісіп-жетілмеген, бласттарға дейінгі түрлері пайда болған, пісіп-жетілген нейтрофильдердің мөлшері күрт төмендеген, таяқша ядролы және жас жасушалардың мөлшері жоғарлаған. Сонымен қатар, эозинофилдер мен базофилдердің мөлшерінің жоғарлағаны байқалады және ол эозинофило-базофильдік ассоциация деп аталатын жағдайды айқындайды, лимфоциттер мен моноциттердің азайғандығы байқалады. Осы өзгерістердің барлығы миелоидтық өсіндінің ісіктік гиперплазиясы дамығандығын дәлелдейді.