«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет157/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 4
Спазмофилия, гипокальциемиялық құрысу. Рахиттің II-ші дәрежесі, қызу кезеңі, жеделдеу ағымы. Жедел респираторлық вирустық инфекция.


Есеп № 5

  1. Қалқанша маңы безінің гиперфункциясы.

  2. Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы кезінде паратгормон-дардың мөлшері артады – осыдан сүйектердің декальцификациясы туын-дайды – остеопороз – деформация – сүйектердің сынуы. Фосфаттар реабсорб-циясының бұзылуы салдарынан олар артық мөлшерде екіншілік зәрге өтіп, тұңбаға түседі – осыдан зәр-тас ауруы дамиды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ тіліндегі «Патологиялық физиологии – 2» пәні бойынша ситуациялық есептер жинағы» атты оқу-әдістемелік құралы «Патологиялық физиология-2» пәнінен 8 жүйе бойынша 2006 жылғы МЖМБС-қа сәйкес типтік оқу бағдарламасы (Астана, 2008) негізінде жазылған.


Оқу-әдістемелік құралы жеке патофизиология курсын игеру кезіндегі студенттердің өздігінен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстары үшін арналған. Бұл оқу-әдістемелік құралына жеке патофизиологияның 8 жүйесі бойынша есептер, оларға нақты, толық жауаптарымен бірге берілген: тыныс алу, жүректік-қантамырлық, несептік-жыныстық, нервтік, эндокриндік, асқорытулық, қан түзуші, тірек-қимылдық жүйелер бойынша. Оқу үрдісінде бұл оқу-әдістемелік құралын қолдану аталған жүйелердің қызметтерінің бұзылуы кезіндегі көріністердің патогендік даму механизмдерін тереңірек және көрнекті түрде игерілуін және студенттерде клиникалық ойлау, тұжырымдау қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік құралында жалпы қабылданған терминология қолданылған, барлық белгіленулер Бүкіл Әлемдік өлшем бірлігі жүйесімен берілген, қысқартылған сөздер тізімі бар. Негізгі әдебиет тізіміне пән бойынша 26 классикалық және қазіргі жаңа оқулықтар енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет