Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 5 Тәжірибеде иттің сол жақ артқы аяғының санының орта тұсынан шонданай нервісін кескен. Операциядан кейін 10 күн өткенде жарақаты толықтай бітіп кеткен. Сол жақ аяғының ұршық буын, тізе буындары бүгілген, бұлшық ет тонуысы төмендеген. Сол жақтан Ахиллов рефлексі шақырылмайды, ине шаншуға реакциясы жоқ.
Итте қандай паралич дамыған?
Нервті кесіп тастағаннан кейін аяқтың қозғалғыш қызметтері қайта қалпына келуі мүмкін бе?
Есеп № 6 Тәжірибелік егеуқұйрықтарда балтыр бұлшық етіне кураре уын енгізу арқылы аяғының параличін туындатқан. Осыған қарамастан, аяқтарында нерв талшықтары арқылы импульстардың өткізу және аяқ бұлшық еттерінің тікелей тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттері сақталған.
1. Бұл жағдайдағы параличтің даму механизмі қандай?
2. Бұл кезде қандай паралич дамыған?
Есеп № 7 Тәжірибеде иттің ІІ – ІІІ кеуде сегменттері деңгейінде жұлынның оң жақтағы бір жақ жартысын кескен.
1. Аяқтарының параличі қай жағында дамуы мүмкін?
2. Бұл жағдайда сезімталдықтың қандай бұзылыстары дамыған?