Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 4 Мысыққа жалпы жеңіл эфирлік наркоз арқылы бесінші кеуде сегменті тұсында жұлынды кесу тәжірибесі жүргізілген. Жұлынды кесуге жауап ре-тінде жұлындық шок жағдайы туындаған: артериялық қысымы, температу-расы төмендеп кеткен, соматикалық рефлекстері жойылған, шонданай нервісін тітіркендірген кезде аяғын жұлып алу рефлесктері байқалмаған.
5-6 сағат өткен соң, жануардың біртіндеп шок жағдайынан шығуы кезінде, жұлынды кесуді екінші рет екі жағдайда жүргізсе:
а) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент төмен деңгейде;
б) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент жоғары деңгейде.
Қай жағдайда шоктың қайталап дамуы байқалады?