Есеп № 12
5 жасар Саша деген бала бальнеологиялық емдеуге жатқызылған. Бір жыл бұрын полиомиелиттің жұлындық түрімен ауырған.
Неврологиялық статусынан анықталғаны: оң жақ аяғының ерікті қозғалыстары толықтай жойылған. Бала тек біреудің көмегімен ғана тұрады, мүлдем жүре алмайды. Оң жақ бөксесі, саны, жіліншігі атрофияланған. Оң жақ аяғы бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері шақырылмайды.
Балада қозғалғыштық қызметі бұзылыстарының қандай түрі дамыған?
Бұл жағдайдағы қозғалғыштық қызметі бұзылысының даму механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |