Есеп № 13
37 жасар А. деген науқас нервтік аурулар ауруханасына қайталап ем алу үшін жатқызылған. 22 жасында алғаш рет аяқтарында, әсіресе табанында әлсіздік байқалып, жүрген кезде салбырап, сүйретілетін болған. Содан бері аяқтарының әлсіздігі өрши түскен, балтыр бұлшық еттерінде ауырсыну байқалып, аяғын қозғалтуға қиындық туындатқан. Бірнеше қайталап ем қабылдаған. 2 жылға дейін созылған ремиссиялар байқалған.
Ауруханаға түскен кезде аяқтарында белсенді қозғалыстар мүлдем жойылған. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері жоғары, рефлексогендік аймақтары кеңейген. Екі жағынан да Бабинский және Россолимо тәрізді патологиялық рефлекстер туындайды.
Науқаста қандай паралич дамыған?
Науқастың қозғалғыштық қызметінің бұзылуына қандай және қай жерде дамыған патологиялық үрдіс негіз болып отыр?
Достарыңызбен бөлісу: |