Есеп № 1 Екі топ жануарлар алынып, асқазан секрециясын ынталандыру мақсатында, бірінші топ жануарларына вагустық, ал екінші топжануарларына – стрессорлық стимуляция жасалды.
Вагустық стимуляцияға жауап ретінде бөлінген сөл стрессорлық стимуляция кезіндегі бөлінетін сөлмен бірдей болады ма?
Есеп № 2 Тәжірибелік иттерге асқазан секрециясын ынталандыру үшін инсулин және гистамин қолданған.
Ваготомиядан кейін қай заттың асқазан секрециясына әсері жойылады?
Есеп № 3 Тәжірибелік иттерді «жалған тамақтандырудан» кейін 7 минут өткенде құрамында шырышы, тұз қышқылы және пепсині жоғары сөл бөліне бастайды.
Егер алдын ала ваготомия жасалған болса, асқазаннан сөлінің бөлінуі байқалады ма?
Есеп № 4 Пилокарпинді қайталап енгізу арқылы тәжірибелік иттерде гиперсаливация туындатып, асқазан сөлінің асқорыту қабілетін зерттеген.
Тәжірибелік иттерде асқазан сөлінің протеолиздік белсенділігі өзгерді ме? Өзгерсе, қалай және неге өзгереді?