1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
№ 40. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
1.Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
№ 41. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.
1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.
2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?
3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?
№ 42. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
№ 43 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (сипағанда ауыру сезімі бар).
Сұрақтар:
1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?
2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет?
3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?
4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?
№ 44. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?
● жаңа өспенің пайда болуымен?
● өкпедегі өспенің қайталануы?
● өкпе өспесінің метастаздануы?
2. Ерекшеліктердің даму тетігін түсіндіріп, жауапты негіздеңіз.
№ 45. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанды және асқазан сөлін зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.
Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексии) даму тетігі қандай?
* Ситуациялық есептерді құрастырғанда П.Ф.Литвицкийдің «Патофизиология» (2007) оқулық құралының электронды қосымшасы және «Руководство к практическому курсу патофизиологии» под ред. Э.Н. Барковой, 2007 қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |