544
толқындардың әсерлерінен коронарлық қанайналым бҧзылып,
жҥректің ишемиясы дамитыны байқалды. Бҧл жануарлардың
қанында қанықпаған және қаныққан май қышқылдарының
арақатынасы азайып, ҥшглицеридтердің деңгейі кӛтерілетіні
анықталды (А. Алдашев, Т. Г. Мысляева, 1995). Ғалымдардың
зерттеулері бойынша бҧл әсерлерге ер адамдар, әйелдерге
қарағанда, тым сезімтал кӛрінеді.
Шылым шегу
атеросклероз дамуына бірнеше жолдармен
әкеледі:
♣ темекі шегетін адамдардың қанында атеросклероз
дамуына
қарсы
әсер
ететін
жоғары
тығыздықты
липопротеидтердің ӛндірілуі азаяды;
♣
темекі
тҥтініндегі
кӛміртегінің
моноксиді
эндотелий жасушаларын бҥліндіреді;
♣ темекі тҥтінінде болатын мутагендік заттар тегіс
салалы ет жасушаларының қҧрылымдық гендерін мутацияға
ҧшыратады;
♣ темекі шегуден дамитын созылмалы гипоксия тегіс ет
жасушаларының ӛсіп-ӛнуін арттырады, тӛмен тығыздықты
липопротеидтердің лизосомалық гидролиздік ферменттермен
ыдыратылуын
тежейді.
Темекі
шегетін
адамдарда
атеросклерозбен қатар артериосклероз дамиды. Осыдан аяқ
артерияларын бітеп қалатын эндоартериит жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: