Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет511/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бҧзылыстары.
Асқазанның бҧл әрекеттерінің бҧзылыстары оның толқи 
жиырылуының (перистәлтикасының грек. peristaltikos - қуыс 
ағзалардағы 
жҥзік 
тәрізді 
тегіс 
еттерінің 
тағам 
қойыртпасын 
жан-жағынан 
қоршап, 
кейінгі 
бӛліктеріне 
ығыстыра жиырылуы) бҧзылуымен, қҧсумен кӛрінеді. 
Перистәлтиканың кҥшеюі (гиперкинез) асқазанның еттік 
қабатына 
парасимпатикалық 
кезбе 
жҥйке 
талшықтарымен 
серпіндердің 
тҥсуі 
кӛбеюінен 
болады. 
Симпатикалық 
жҥйкелердің 
қозуында, 
катехоламиндердің 
әсерлерінен 
асқазанның қимылдық әрекеттері әлсірейді. 
Сонымен бірге, асқазанның бҧл әрекеттері гормондық 
заттармен де реттелінеді. Мәселен, ашішектің жасушаларымен 
ӛндірілетін, 22 аминқышқылдарынан тҧратын, полипептид 
мотилин 
асқазанның 
қимылдық 
әрекеттерін 
сергітеді. 
Ҧлтабардың ішінде ортаның реакциясы сілтілік жақта 
болғанда мотилиннің ӛндірілуі кӛбейеді де, асқазанның 
перистӛлтикасы артып, оның ішіндегі тамақ ҧлтабарға 
тҥседі. Осыдан асқазаннан қьшіқылдық ӛнімдер тҥсуіне 
байланысты ҧлтабарда ортаның реакциясы (рН) тӛмендеуі 
мотилиннің тҥзілуі азаюына әкеледі де, қарынның қимылын 
азайтады. 
Асқазанның қимылдық белсенділігін қарын қызметтерін 
бәсеңсітетін және вазобелсенді ішекгік полипептидтер, 
секретин тежейді. 
Перистәлтиканың кӛбеюі гастрит, асқазанның ойық жара 
ауруы кездерінде байқалады. Бҧл кездерде ет талшықтарының 
кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда 
ауыру сезімі пайда болады. 
Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті кҥшейгенде асқазан 
сӛлінің қышқылдығы да ҧлғаяды. Бҧл кезде қышқыл тағам 
қарыннан ҧлтабарға тҥсуіне байланысты пилорустың қыспағы 
ҧзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тағамның ҧлтабарға 
ауысуы баяулайды. 
Асқазаннын қимылдық әрекеттерінің азаюы (гипокинез) 
жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының қалыпты 
орындарынан тӛмен ығысуларында (гастроптоз, спланхноптоз), 
қатты арып-жҥдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде 
кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ 
ішу, қорқыныш сезімі, ауыр жан кҥйзелістері, жағымсыз 
кӛңіл-кҥйлерде асқазанның қимылдық әрекеттерін азайтады. 
Ӛңеш пен асқазан арасындағы қыспақ (сфинктер грек. 
sphinkter – қыспақ) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл 


610
заттар ӛңешке қайтып, тӛс астында жҥрек қыжылы сезіміне 
әкеледі. 
Пилороспазм (пилорус қыспағының қатты жиырылып қалуы) 
кезінде асқазаннан тамақтың ҧлтабарға ауысуы бҧзылуына 
әкелетін қарынның ауыр қимылдық бҧзылыстары байқалады. 
Бҧндай жағдай асқазан мен ҧлтабардың ойық жара ауруы, 
кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы 
т.б. іш қуысы ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бҧл 
кездерде асқазанның толқи жиырылуларының икемделістік 
кҥшеюі оның еттік қабатының гипертрофиясын туындатады. 
Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ҧлтабарға 
ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет