Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Дәрілік аллергиялардың жіктемелері



Pdf көрінісі
бет61/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Дәрілік аллергиялардың жіктемелері. 
А.Д. Адо дәрілік 
аллергиялық серпілістердің даму жылдамдығына қарай ҥш 
топқа ажыратты: 
● 
1-ші топқа 
жіті тҥрдегі серпілістер 
жатады. Олар 
организмге дәрі қайталап тҥскеннен кейін ілезде немесе 
бір 
сағат 
ішінде 
дамиды. 
Бҧларға 
мысал 
ретінде 
анафилаксиялық сілеймені (шокты), есекжемді, Квинке 
ісінуін, 
кеңірдекшелік 
демікпе 
ҧстамаларын, 
жіті 
гемолиздік анемияны келтіруге болады. 
● 
2-ші топқа 
жітілеу тҥрдегі серпілістер 
жатады. Олар 
дәрі енгізгеннен кейін бірінші тәулік ішінде дамиды. 
Мәселен, агранулоцитоз, тромбопения, дәрілік қызба. 
● 
3-ші топқа 
созылыңқы тҥрдегі серпілістер
жатады. 
Олар организмге дәрі қайталап тҥскеннен кейін бірнеше 
тәулік, апталар ішінде дамиды. Мәселен, сарысулық ауру
аллергиялық 
васкулиттер, 
дәрілік 
гломерулонефрит, 
миокардит, гепатит, панциопения т.б. 
Дерттік ҥрдістердің ауырлық дәрежесіне, бҥлінген 
ағзалар мен жҥйелеріне қарай аллергиялық серпілістерді 
тҧтас денеге жайылған 
(мәселен, анафилаксиялық сілейме, 
сарысулық ауру) және 
орныққан 
(мәселен, жанаспалы 
дерматит, Артюс ерені) – деп ажыратылды. 
Аллергиялық серпілістердің даму жолдарына қарай: 


77
анафилаксиялық 
(реагиндік), 
цитотоксиндік, 
иммундық 
кешендік 
және 
жасушалардың қатысуымен дамитын 
– деп тӛрт 
тҥрге ажыратады (Аллергия тақырыбын қараңыз) 
Жалған аллергия. 
Клиникалық кӛріністері аллергиялық 
серпілістерге ӛте ҧқсас болып келеді. Бірақ олардан 
жалған аллергияның айырмашылығы болып, оның иммундық 
жҥйенің қатысуынсыз ӛтуі есептеледі. Ол организмнің 
дәрілермен бір мәрте тҥйісуінен-ақ дамиды. Бҧл кезде 
жалған 
аллергияның 
дамуында 
дәрілердің 
әсерлерінен 
лаброциттердің, қан базофильдерінің, комплемент жҥйесінің 
туа біткен немесе жҥре пайда болған жауап қайтару 
ерекшеліктері маңызды орын алады. Осыдан дәрілердің 
әсерлерінен кӛрсетілген жасушалардан биологиялық белсенді 
заттардың 
(гистамин, 
серотонин, 
простагландиндер, 
лейкотриендер) босап шығуы артып кетеді. Оларды дер 
кезінде әсерсіздендіру жҥйелерінің жеткіліксіздігінен 
организмнің дерттік жауап қайтару қабілеті қалыптасады. 
Жалған 
аллергиялық 
серпілістер 
наркоздық 
емес 
аналгетиктерге, рентгенайқындағыш заттарға, қан сҧйығын 
алмастыратын ерітінділерге т.с.с. дәрілерге жиі дамиды. 
Олардың дамуында мына тетіктердің маңызы болуы 
ықтимал: 
● гистаминдік; 
● комплемент жҥйесі шамадан тыс әсерленіп кетуі; 
● арахидон қышқылы алмасуының бҧзылыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет