117
Гиперстениялық дене бітімді адамдар зат алмасу
ауруларымен, ӛт-тас ауруларымен, атеросклерозбен, жҥрек-
қан тамырларының басқа да
ауруларымен жиі ауыратыны
белгілі.
Астениялық дене бітімді адамдарда ӛкпе туберкулезі,
асқазан мен ҧлтабардың ойық жарасы, гипотензия,
Аддисон
ауруы т.б. жиі кездеседі.
Дегенмен жоғарыда келтірілген дене бітімінің тҥрлері
таза кҥйлерінде сирек байқалады. Олардың араласқан
тҥрлері жиірек кездеседі. Осыған байланысты организм
ағзаларын біріктіретін белгілі физиологиялық жҥйелердің
ерекшеліктеріне қарай дене бітімдерінің жіктелулері пайда
болды. А. А. Богомолец осы негізде организмде дәнекер
тіндік физиологиялық жҥйеге зор мән берді. Ол осы жҥйенің
даму
ерекшелігіне
қарай
дене
бітімін
астениялық,
фиброздық, липоматоздық және пастоздық деп ажыратты.
Достарыңызбен бөлісу: