Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет133/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Гипогликемия
 
 
Кӛмірсулары алмасуы бҧзылыстарының келесі бір тҥрі 
болып гипогликемия есептеледі. Гипогликемия деп қанда 
глюкозаның деңгейі 3,5 ммоль/л-ден азайып тӛмендеуін 
айтады. Гипогликемия тӛменде келтірілген жағдайларда 
дамуы мҥмкін: 
● организмде инсулиннің деңгейі кӛтерілуінен; 
● инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіз 
ӛндірілуінен; 
● бауыр аурулары кездерінде; 
● тҧқым қуалайтын гликогеноздар (Гирке ауруы) кезінде; 
● ҧзақ ашығудан. 
Инсулиннің қандағы деңгейінің кӛтерілуі глюкозаны 
бҧлшықеттер мен май тіндерінде пайдалануды арттырады, 
бауырда 
гликогенолиз 
бен 
глюконеогенез 
ҥрдістерін 


154
тежейді. 
Гипогликемия қантты диабетпен ауыратын адамдарға 
инсулиннің ӛндірілуін арттыратын сульфонилмочевиналық 
дәрілерді 
тым 
артық 
енгізуден 
жиі 
дамиды. 
Кейде 
гипогликемия ҧйқы безінің бета-жасушаларында болатын 
ӛспе-инсулинома кезінде байқалады. 
Инсулинге қарсы гормондардың жеткіліксіздігі қанға 
глюкозаның тҥсуіне қажетті ҥрдістердің: гликогенолиз, 
глюконеогенез болмауынан гипогликемияға әкеп соғады. 
Бҧндай жағдай Симмондс ауруы, Аддисон ауруы кездерінде 
байқалады. 
Бауырлық гипогликемия бауырдың қызметтерін бҧзатын 
ауыр дерттерінде (гепатиттер, цирроздар) байқалады. 
Тҧқым қуалайтын гликогеноз (Гирке ауруы) кезінде 
гипогликемия 
глюкоза-6-фосфатазаның 
туа 
біткен 
жеткіліксіздігінен дамиды. Бҧл фермент глюкозаны босатып 
алып, оның бауыр, бҥйрек жасушаларының қабықтары арқылы 
қанға ӛтуін қамтамасыз етеді. Сондықтан кӛрсетілген 
ферменттің жеткіліксіздігі глюкозаның бауыр, бҥйрек 
жасушалары ішінде гликоген тҥрінде ҧсталып қалуына, 
гипогликемияның дамуына әкеледі. 
Ауқаттық гипогликемия ҧзақ ашығу немесе организмде 
тағамдық заттардың ыдырауы мен қорытылуының шамадан тыс 
жоғары кӛтерілуі (ҧзақ ауыр қол жҧмысын атқарғанда, 
қызба, тиретоксикоз) кездерінде кездеседі. 
Асқазанның 
аурулары 
кездерінде 
оны 
хирургиялық 
тәсілмен толық алып тастаған немесе оны жартылай отағанда 
сырқат адамдарда тамақ ішкеннен кейін кейде гипогликемия 
дамиды.Бҧл кезде тағамның тікелей ішектерге тҥсуінен ол 
тез сіңіріледі де, инсулиннің тым артық ӛндірілуін 
кҥшейтеді. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттан соң 
гипогликемия дамиды. 
Кейде 
тамақтанудан 
кейінгі 
гипогликемия 
қантты 
диабеттің 
бастапқы 
сатыларында 
байқалады. 
Бҧндай 
адамдарда ҥйқы безінің бета-жасушалары организмге тҥскен 
тамаққа сылбыр жауап қайтарады. Сондықтан бҧл уақытта 
қандағы глюкозаның деңгейі қатты кӛтеріледі. Артынан осы 
гипергликемияға ҧйқы безі кӛп инсулин шығаруымен жауап 
қайтарады. Осыдан тамақ ішкеннен кейін 4-5 сағаттан соң 
гипогликемия дамиды. 
Гипогликемияның клиникалық кӛріністері қандағы глюкоза 
деңгейінің 2,8 ммоль/л тӛмендеген кезінде байқалады. Олар 
негізінен ми қызметінің бҧзылыстарымен сипатталады. Мида 
тотығатын заттың (глюкозаның) азаюына байланысты оттегін 
пайдалану қатты кемиді. Осыдан мидың «метаболизмдік 


155
гипоксиясы» 
дамиды. 
Оның 
белгілері 
болып 
мыналар 
есептеледі: 
● ҧйқы басу, әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу; 
● сана-сезімнің әлсіреуі және жоғалуы, қобалжу, 
тахикардия, кӛз кӛруінің нашарлауы; 
● тырыспалық сіңір тартылулары, кӛздің бірімен бірі 
байланыспай қимылдауы; 
● естен тану, ҥстіртін тыныс алу, брадикардия, 
гипотермия, атония, рефлекстердің азайып, жоғалуы. 
Артынан мида қайтымсыз ӛзгерістер пайда болып, ӛлімге 
әкеледі... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет