Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет310/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Вирус жасушаға енеді.
Вирус жҧқтырған нысана-ағзаның 
жасушалары вирустық антигенді ӛршітеді және вирустың 
әсерінен бҧл жасушаларда жаңа антигендер тҥзіледі. Бҧл 
кезеңде вирусқа қарсы организмнің иммундық жауабы бірнеше 
тҥрлі болады: 
● 
нысана-жасушаларға 
уытты 
(цитотоксиндік)Т-
жасушаларының қатысуымен; 
● табиғи жендет жасушалардың қатысуымен; 
● антиденеге-тәуелді жендет жасушалардың қатысуымен. 
Бҧл келтірілген кездерде вирус қана жойылып қоймай, 
вирусы немесе вирустық антигені бар тін жасушалары да 
жойылады. Сондықтан мҧндай иммундық қорғану организм ҥшін 
ӛте ауыр зардаптарға әкелуі мҥмкін.
● комплементтің және фагоцитоздың қатысуымен иммундық 
жауап болуы ықтимал. Бірақ бҧл кезде вирусты және 
комплементтің қҧрамбӛлшектері мен антидене кешендерін жеп 
қоюдан фагоциттердің ӛздеріне вирус жҧғуы болады. Сонымен 
бірге жасушалардың сыртқы беттеріндегі вирустық антигендер 
фагоциттелініп 
кетуден, 
вирус 
жҧқтырған 
жасушалар 
цитотоксиндік Т-лимфоциттерімен бӛтен текті жасуша ретінде 
танылмайды. Содан вирус жҧқтырған жасушалар цитотоксиндік 
Т-лимфоциттерімен жойылмайды. 
Бактериялар. 
Бактериялық жҧқпалардың бастапқы 


370
сатысында
организмнің бейспецификалық қорғану тетіктері 
жҧмылдырылады. (оларды жоғарыдан қараңыз). 
Клиникалық кӛріністері пайда бола басталу сатысында 
бактериялардың 
липополиқанттарына, 
қылшықтарының 
антигендеріне, 
Т
х
1-жасушаларына 
тәуелсіз, 
тездетілген 
иммундық жауап болады. Ол IgM тҥзілуін арттыру арқылы 
жҥзеге асады. Осыдан микробтардың денеге тарауы шектеліп, 
олардың фагоциттермен желініп қойылуы артады. 
Жҧқпалы ҥрдістердің айқындалу сатысында
арнайыланған 
иммундық жауап дамиды. Қанмен айналып жҥрген антиденелер 
микробтарға қарсы бірнеше ықпалдар етеді: 
● бактериялардың уыттарын (мәселен, сіреспе уытын) 
бейтараптайды; 
● бактериялардың денеге тарау (мәселен, гиалуронидаза 
ферментін) факторын және вируленттілік факторларын 
әсерсіздендіреді; 
● бактериялардың ӛсу факторларының 
рецепторларын 
(мәселен, темір иондарын байланыстыратын нәруыздарын) 
бӛгейді; 
● 
бактериялардың 
фагоциттерді 
тежейтін 
әсерін 
әлсіретеді; 
● бактериялардың фагоциттерге жабысуын қамтамасыз 
етеді; 
● комплементтің қатысуымен бактерияларды ыдыратып 
жібереді; 
● бактериялардың қимыл-қозғалысын жоғалтады; 
● 
бактериялардың 
жабыстырғыш 
молекулаларын 
байланыстырып, 
олардың 
дене 
жасушаларына 
жабысуынан 
сақтандырады; 
● ыдырататын ферменттер ретінде әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет