391
ал кәрі тауықтарда баяу ӛсетін ӛспелерді туындатады.
Ӛспе туындататын вирустар ҥш сатыда әсер етеді:
● бірінші сатысында жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ
молекуласымен
бірігіп
кетеді
де,
жасушаның
тектік
ақпаратын ӛзгертеді;
● екінші сатысында ӛзгерген тектік ақпарат бойынша
онконәруыздар мен мРНҚ тҥзілуін арттырады;
● ҥшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз
бӛлініп кӛбеюін арттырып, ӛспе жасушасына айналдырады.
Ӛспе
ӛсуіне
әкелетін
биологиялық
факторларға,
келтірілген
вирустармен
қатар,
He-licobacter
Pylori
бактериясын жатқызуға болады.
Осы кӛрсетілгендермен бірге ӛспе ӛсуіне әкелетін
кӛптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:
● зиянды әдеттер:
♣ темекі шегу;
♣ маскҥнемдік;
♣ насыбай ату;
♣
бейберекет
жыныстық
қатынастарда
болу
(промискуитет);
● тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған
тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған
май қышқылдары жетіспеуі т.т.);
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш
сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ӛспенің пайда болуы немесе болмауы кӛпшілік жағдайда
организмнің,
ең
алдымен
реттеуші
жҥйелерінің
жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен ӛте тагыз
байланысты.
Ӛспе
дамуында
жҥйкелік-эндокриндік
және
иммундық жҥйелердің маңызы ӛте ҥлкен.
Достарыңызбен бөлісу: