424
изоиммундық, аутоиммундық және гаптендік анемиялар болып
бӛлінеді.
Изоиммундық гемолиздік анемиялар организмге қҧйылған
қанның топтық, резус факторлық т. б. сәйкессіздіктерінде
дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан
қҧйғанда байқалады. Екіншісі резус-оң нәрестелерде резус-
теріс
аналардың
организмінде
тҥзілген
антирезустық
антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі, сӛйтіп
жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды.
Аутоиммундық гемолиздік анемия эритроциттердің сыртқы
беттерінде ӛз антигендеріне қарсы арнайы антиденелердің
болуымен
байланысты.
Бҧл
антиэритроциттік
аутоантиденелердің
қалыптасу
негізінде
иммундық
шыдамдылықтың (толеранттықтын) жоғалуы жатады. Бҧл кезде
иммуно-циттердің
соматикалық
мутациясы
нәтижесінде
эритроциттердің
қалыпты
антигендеріне
антиденелер
ӛндіріледі.
Гаптендік
гемолиздік
анемия
дәрілермен,
кейбір
химиялық заттармен байланысты дамиды. Кейде антиденелермен
дәрілер
(пенициллин)
эритроциттердің
сыртқы
бетінде
байланысып, гемолиз шақыра алады. Басқа жағдайларда
(фенацетин, парааминосалицил қышқылы, сульфаниламидтер т.
б.) тҥзілген антиденелер (IgG, IgM) қанайналымдарындағы
бос айналып жҥрген дәрілермен қосылады да, иммундық кешен
(ИК) (антиген (дәрі) + антидене) қҧрады. Бҧл ИК қан
жасушалаларына жабысады да, комплементті әсерлендіріп,
гемолиз туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: