Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет387/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ФИБРИНОЛИЗ 
— қанның плазминоген-плазмин протеолиздік 
ферментті жҥйесімен жҥреді. Қан плазмасында және әртҥрлі 
тіндерде (жатыр, қалқанша без, ӛкпе, ҧйқыбез, қуық асты 
безі) плазминогенді плазминге ауыстыратын әсерлендіргіш 
заттар (активаторлар) бар. Олар тамырлардың, әсіресе 


465
кӛктамырлардың, 
венулалардың, 
ӛкпе 
артерияларының 
эндотелий жасушаларында ӛндіріледі. Оларды плазминогеннің 
тіндік әсерлендіргіштері дейді және олардың бір ӛкілі 
болып урокиназа есептеледі.
Кейбір 
бактериялар 
туындыларының 
(мәселен, 
стрептокиназа) плазминогенді плазминге ауыстыру қабілеті 
бар. Стрептокиназа тікелей әсер етпейді. Алдымен ол 
плазминогенмен қосылып, стрептокиназа-плазминоген кешенін 
қҧрады, содан кейін осы кешен плазминогенді әсерлейді. 
Сонымен, плазминоген әрі әсерлеуші, әрі әсерленуші зат 
болады. Қандағы плазминогенді әсерлендіретін заттардын 
мӛлшері қол жҧмысынан немесе басқа ауыртпалықтардан кейін, 
организмге никотин қышқылын немесе пирогендік заттар 
енгізгеннен кейін кӛтеріледі. 
Қанның тамыр ішіндегі ҧюы фибринолиздік жҥйенің 
негізгі табиғи әсерлендіргіші болады. Плазминогеннің 
әсерленуінде белсенді Хагеман факторы (калликреин-кининдік 
және комплемент жҥйелерінің қатысуымен), тромбин және 
фибрин қатысады.
Фибринолиз 
лейкоциттердің 
лизосомалық 
қышқыл 
протеазаларының әсерлерінен де болады. Фибринолиздің 
әсерлендіргіштерінің әсерінен плазминогеннің молекуласы 
ферменттік ыдырауға тҥсіп, плазминге айналады. Плазминнің 
фибрин - фибриногенге қарсы протеолиздік қасиеті бар. 
Фибриннің ыдырауы бірнеше сатыда ӛтеді. 
Сонымен бірге қан сҧйығында қандағы плазминогеннің 
әсерлендіргіштеріне қарсы ететін заттар болады. Оларды 
плазминогеннің әсерлендіргіштерінің тежегіштері дейді. 
Мәселен, α -глобулиндерге жататын антиплазмин фибринолизді 
реттейді және оның ҥдемелі қарқынын тежейді. 
Фибринолизді емдік мақсатта арттыру бактериялардан 
алынатын ферменттердің (стрептокиназа т. б.) немесе 
урокиназаның кӛмегімен жҥргізіледі. Керісінше фибринолизді 
тежеу ҥшін жасампаздық жолмен алынған аминқышқылдары, 
сонымен қатар жануарлардан және ӛсімдіктерден алынатын 
антипротеазалар (трасилол, контрикал т.с.с.) қолданылады. 
- сызбанҧсқа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет