688
аяқшалары мембранасымен байланысатын жасуша мембранасы
аралығында синапстық саңылау (10-нан 50 нм дейін) болады.
Сипанстық саңылаудан кейінгі қҧрылымды постсинапстық
(тҥйіспе соңы) қҧрылым деп атайды.
- сурет. Тҥйіспе қҧрылымы
Организмде ағзаларды реттеу хабары жҥйкелік
серпіндер
(импульстер) ӛткізу арқылы беріледі. Бҧл серпіндер бір
нейроннан
екіншісіне
нейромедиаторлардың
қатысуымен
таратылады. Нейромедиаторларға ацетилхолин,
норадреналин,
дофамин, серотонин, глуматин қышқылы,
аспарагин қышқылы,
гомоцистеин қышқылы, гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.
жатады. Олар қоздырғыш (глутамин, аспарагин, гомоцистеин
қышқылдары), тежегіш (гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.)
нейромедиаторлар
болып
бӛлінеді.
Мида
осы
нейромедиаторларды
қабылдайтын
әртҥрлі
қабылдагыштар
(рецепторлар) бар. Сонымен бірге нейрондарда кӛптеген
пептидтер ӛндіріледі. Бҧл пептидтерге аденогипофиздің
гормондары, гипоталамуста ӛндірілетін
либериндер мен
статиндерден басқа әртҥрлі жҥйке жасушаларында ӛндірілетін
шағын
пептидтер
(олигопептидтер)
(эндорфиндер
мен
энкефалиндер) жатады. Кӛрсетілген пептидтер реттеуші
пептидтер
деп
аталады.
Олар
жҥйкелік
серпіндердің
ӛткізілуінде дәнекерлік (медиаторлық) міндет атқарады.
Сонымен бірге, олар басқа нейроме-диаторлардың әсерлеріне
ықпал етіп, синапстар арқылы жҥйкелік серпіндердің ӛтуін
ӛзгертеді.
Нейрондардың бҧзылыстары:
● олардың мембраналарының бҧзылыстарымен
● аксондарының бҧзылыстарымен
● дендриттерінің бҧзылыстарымен
● тҥйіспелерінің бҧзылыстарымен - кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: