Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет594/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

2. Ӛткізгіш бӛлігі. 
Ауыру сезімін қабылдағыштардан 
серпіндерді ӛткізетін арнайы жҥйке талшықтары болады. Бҧл 
талшықтар екі тҥрлі болуы мҥмкін: 
● біріншісі, миелин қабығы бар жуан - А талшықтары, 
серпіндерді секундына 4-3 метр жылдамдықпен ӛткізеді; 
● екіншісі, миелин қабығы жоқ, жіңішке - С талшықтары, 
серпіндерді секундына 0,4-2 метр жылдамдықпен ӛткізеді. 
Кӛрсетілген жҥйке талшықтарының ӛткізу жылдамдығына 
байланысты 
ауыру 
туындататын 
тітіркендіргішке 
жауап 
ретінде адам алдымен белгілі жерге орналасңан ӛте қатты 
алғашқы ауыруды, ал артынан орналасқан жері толық 
анықталмаған сәл бәсең екіншілік ауыруды сезінеді. Бірінші 


706
сезім А тҥрлес талшықтармен шапшаң тҥсетін серпіндерге 
жауап болса, екіншісі С-талшықтарымен тҥсетін шабан 
серпіндерінің әсерлерінен дамиды. 
3. 
Орталық 
бӛлігі. 
Адамда 
ауыру 
сезімі 
мида 
қалыптасады. Ноцицепторлардан ауыру туындататын серпіндер 
жҧлынға тҥсіп, одан жҧлын-таламус жолымен сопақша және 
ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бҧл 
ядролардан серпіндер мидың сыртқы қыртысына тарайды, онда 
серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі. 
Сонымен 
бірге, ноцицепторлардан шыққан серпіндер 
сопақша ми мен ортаңғы ми деңгейлерінде торлы қҧрылымға, 
таламустың ядроларына, мидың сыртқы қыртысына, лимбикалық 
жҥйенің 
нейрондарына 
тарауы 
мҥмкін. 
Осыдан 
ауыру 
туындататын серпіндердің әсерлерінен ауыру сезімімен 
қатар, қорқыныш, ҥрей т.б. эмоциялық сезімдер пайда 
болады. 
Жҧлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан 
шыққан 
серпіндердің 
біразы 
олардын 
мотонейрондарына 
ауысып, аяқ-қолды бҥгетін бҧлшықеттердің жиырылуына әкелуі 
мҥмкін. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге 
жауап ретінде адам мен жануарлар олардан аяқ-қолын тартып 
алады. 
Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің біршамасы жҧлын 
мен сопақша ми деңгейлерінде дербес жҥйкелік жҥйкелердің 
миға 
бағытталған 
нейрондарына 
ӛтеді. 
Осыдан 
ауыру 
туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде дербес жҥйкелік 
рефлекстер (мәселен, қан тамырларының жиырылуы, беттің 
бозаруы, кӛз қарашығының кеңуі т.б.) дамиды. 
Қорыта 
келгенде, 
ауыру 
туындататын 
серпіндерді 
сезінуде мидың кӛптеген қҧрылымдары қатысады және олар 
ноцицепциялық жҥйе деп аталады. Егер серпіндердің ағымын 
осы жҥйенің бір бӛлігінде бӛгесе, онда ауыру сезімі 
азаяды. Осы жолмен ауыру сезімін наркоз беру арқылы 
жоғалтуға болады. Эфир синапстарда қозудың ӛтуін тежейді, 
мидың торлық қҧрылымының белсенділігін әлсіретеді. Содан 
ол ноцицепторлардан орталық жҥйке жҥйесіне тҥсетін 
серпіндерді азайтады. Шеткері тіндердің бҥліністерінен 
дамитын ауру сезімі пайда болуын тҥсіндіру ҥшін Р. Мелзак 
ҧсынған «қақпа механизмі» жорамалы кӛңілге қонымды. Бҧл 
жорамал бойынша ауыру сезімі ноцицепторлардан серпіндердің 
миға белгілі мӛлшерден артық тҥсуінен болады. Ауыру 
туындататын 
серпіндердің 
миға 
ӛтуі 
жҧлында 
«қақпа 
механизмімен» реттеліп тҧрады. «Қақпа механизмі» деп ауыру 
туындататын серпіндердің, жҧлында, жҥйке жасушаларының 
жиынтығынан 
тҧратын, 
іркілдек 
желатиналық 
заттың 
(substantio gelatinosa) қатысуымен, жҧлын арқылы миға 


707
ӛтуін қадағалайтын заңдылықты ҧғады. Бҧл заттың нейрондары 
жуан және жіңішке жҥйке талшықтарымен ӛтетін серпіндердің 
ӛтуін қадағалайды. Бҧл жҥйке талшықтары жҧлынның артқы 
мҥйіздерінің 
нейрондарымен 
және 
желатиналық 
заттың 
нейрондарымен синапстық байланыстар қҧрады. Бҥл кезде жуан 
жҥйке талшықтарымен тҥсетін серпіндер, желатиналық заттың 
нейрондарын қоздырады, ал жіңішке жҥйке талшықтарымен 
тҥсетін серпіндер оларды, керісінше, тежейді. Жорамал 
бойынша жҧлынның артқы мҥйізінің нейрондарына серпіндердің 
тым жиі тҥсуі ауыру сезімін туындатады. Ал, желатиналық 
заттың нейрондары жҧлынның артқы мҥйіз нейрондарына 
серпіндердің тҥсу жолдарын ашып-жауып тҧратын қақпа 
міндетін атқарады. Жуан жҥйке талшықтарымең тҥсетін 
серпіндер 
желатиналық 
заттың 
нейрондарын 
қоздырып, 
жҧлынның артқы мҥйіз нейрондарына олардың тҥсуін тежейді. 
«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды. 
Жіңішке жҥйке талшықтары қозғанда желатиналық заттың 
нейрондары тежеледі, ноцицепциялық серпіндер жҧлынның 
артқы мҥйіз нейрондарына оңай ӛтіп кетеді де, ауыру сезімі 
пайда болады немесе кҥшейеді. «Қақпа» ашық болады. 
Сонымен 
ноцицепциялық 
тітіркендіргіштерге 
жҧлын 
бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мидың 
торлы 
қҧрылымы, 
мезоэнцефалиялық 
аймақ, 
таламус, 
лимбикалық жҥйе, мидың сыртқы қыртысы жауап қайтарады. 
Ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жҥйке 
әрекеттері тҥрлерінің, адамның кӛңіл-кҥйі жағдайларының 
маңызы ҥлкен. Адам ӛзінің ынта-жігерін, назарын басқа 
жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет