Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гиперкалемия кезінде пайда болатын бүліністерді түзеу



Pdf көрінісі
бет173/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гиперкалемия кезінде пайда болатын бүліністерді түзеу 
жолдары. 
● гиперкалиемия дамуына әкелген негізгі себепкер 
ықпалды емдеу қажет; 
● жасуша аралық сұйықтан артық калийді жасуша ішіне 
енгізу шараларын қолдану үшін: 
♣ 
көктамыр 
арқылы 
инсулин 
қосылған 
глюкоза 
ерітіндісі жіберіледі. Бұл калийдің жасуша сыртындағы 
сүйықтан жасуша ішіне тасымалдануын сергітеді; 
♣ көктамырға CaCl
2
ерітіндісін енгізу тез арада 
калийдің жүрекке уытты әсерін азайтады, жүректің жиырылу 
күшін арттырады, аритмияны жояды; 
♣ 
көктамырға 
натрийдің 
бикарбонатын 
енгізуде 
калийдің жасуша ішіне енуін күшейтеді. 
● артық калийді сыртқа шығару жолдарын сергіту қажет. 
Ол үшін: 
♣ зәрайдатқылар (фуросемид т.б.) қолданылады; 
♣ әлдостерон дәрілері пайдаланылады
♣ 
энтеросорбенттер 
ішек 
сөлдерінен 
калийді 
байланыстырып үлкен дәретпен сыртқа шығарады; 
♣ гемодиализ қолдануға болады. 
● бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі кезінде оның 
гормондары қолданылады. 
Хлор алмасуының бұзылыстары. 
Хлор 
алмасуының 
бұзылыстары 
натрий 
мен 
калий 
алмасуының бұзылыстарымен байланысты болады. Жасуша 
қабығы арқылы хлор иондарының тасымалдануы гидрокарбонат 
анионымен (НСО

-
) алмасу арқылы болады. Ал, тіндерден 
оның қанға ауысуы көмір қышқылының қатысуымен болады. 
Хлор 
алмасуының 
бұзылыстары 
гиперхлоремиямен 
және 
гипохлоремиямен көрінеді. 
Гиперхлоремия - 
деп қан сұйығында хлордың 108 ммоль/л-


203
ден астам болуын айтады. Ол мына себептерден дамуы 
мүмкін: 
● 
тамақпен 
және 
сусындармен 
ас 
тұзын 
артық 
пайдаланудан; 
● бүйрек қызметі жеткіліксіздігі кезінде хлордың 
организмнен сыртқа щығарылуы азаюдан; 
қанның қоюлану кезінде
● хлор тіндерден қанға ауысуы кезінде. Ол өз алдына 
мына жағдайларда болуы ықтимал: 
♣ 
бүйрек 
қызметі 
жеткіліксіздігі 
кезінде 
протондардың (Н
+
) несепке шығарылуы азаюдан гидрокарбонат 
аниондарының несептен қанға сіңірілуі төмендегенде; 
♣ ауаға жайылмайтын қышқылдар организмге көп 
түсуінен дамитын ацидоз кезінде; 
♣ ұзақ іш өтулер кездерінде гидрокарбонат аниондары 
үлкен дәретпен көптеп шығарылып кеткенде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет