217
МЫС АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Мыстың
организмдегі
қалыпты
мөлшері
70-80
мг.
Организмде мыс жеткіліксіз болғанда гемоглобин түзілуі
бұзылады
және
қантты
диабет
дамиды.
Себебі
мыс
инсулиназаны тежейді. Сонымен қатар тіс кариесі дамуы
мүмкін. Егер мыс организмге артық мөлшерде түсетін болса,
онда бауырда цирроз дамиды және мыс тіндерде артық
жиналып қалады. Соңғысын
Вильсон ауруы
деп атайды. Мыс
амин қышқылдарымен нашар еритін кешен құрады, ол мидың
жасымық ядросында, бауыр, көкбауыр жасушаларында, көздің
тор
қабығында
жиналады.
Осы
ағзаларда
бүліністік
(дегенерациялық) өзгерістер және жарыққа қарай алмау
пайда болады.
КОБАЛЬТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Кобальттің организмдегі мөлшері 4,3 мкг% - 35,4 мкг%
аралығында, ал қанда 0,030 мкг% болады. Кобальт қорға
жиналган темірдің гемоглобин құрамына өтуіне мүмкіндік
етеді, эритроциттердің өндірілуіне, олардың жетілген
түрлерінің айналымдағы қанға түсуіне ықпал жасайды.
Кобальт цианкобаламиннің (В
12
витамині) құрамына кіреді.
Сондықтан,
кобальттің
организмдегі
жеткіліксіздігі
қатерлі (пернициоздық) анемияның дамуына әкеледі. Оның
артық болуы полицитемияға және глюкагон өндірілуінің
өзгерісіне әкелуі ықтимал. Кобальт организмге көп
мөлшерде түскенде, мысалы: көп сыра ішкенде, өйткені сыра
көпіруі
үшін
кобальт
қосылады,
жүрек
қызметінің
жеткіліксіздігі (кардиомиопатия) дамуы мүмкін.
МЫРЫШ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ.
Адам организмінде мырыштың мөлшері 1,2 - 2,4 г болады.
Ол
көптеген
ферменттердің,
гормондардың
(мысалы:
инсулиннің,
жыныстық
гормондардың,
гипофиз
гормондарының), витаминдердің құрамына кіреді. Мырыш
тапшылыгы кезінде бойдың өсуі тежеледі, гипогонадизм
байқалады,
зат
алмасулары
бұзылады,
инсулиннің
жеткіліксіздігі
пайда
болады.
Өйткені
инсулиназа
ферментінің
белсенділігі
көтерілуден
ұйқыбездің
β-
жасушалары өндірген инсулин артық ыдыратылып кетеді,
сонымен қатар мырыш жеткіліксіздігі карбоксипептидаза,
сілтілік фосфатаза, алкогольдегидрогеназа, карбоангидраза
ферменттерінің белсенділігін тежейді. Қантты диабет
кезінде ұйқы безінде мырыштың мөлшері азаяды. Оның тәулік
бойына қажеттілігі 5 мг. Мырыштың жеткіліксіздігі
құрамында фитин қышқылы көп болатын дәнді дақылдардан
дайындалған тағамды қабылдағанда пайда болады. Өйткені
фитин қышқылы ішектерде мырыш тұздарының сіңірілуіне
бөгет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |