214
тасымалдайтын ферменттердің (фосфатаза, фосфорилазаның)
және нәруыздардың тасымалдануына қажетті амино-ацил-т-
РНК-синтетазаның
іс-әрекеттеріне
қатысады.
Ол
электрофизиологиялық
үрдістерде
қозымды
тіндерге
кальцийдің әсеріне қарама-қарсы ықпал етеді.
Магний алмасуының бұзылыстары гипомагниемия және
гипермагниемия деп екі түрге бөлінеді.
Гипомагниемия
— магнийдің қандағы мөлшері 0,6 ммоль/л
ден төмен болуы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
●
организмге магний аз түсуінде:
♣ ұзақ ашығулар кездерінде тамақпен магний аз
түскенде;
♣ ішектерде магний сіңірілуі бұзылғанда, мәселен,
ұзақ іш өтулерден, созылмалы энтериттер кездерінде
мальабсорбция синдромынан,
өт шығаратын жолдардың
бітелуі нәтижесінде пайда болған ахолия кезінде магнийдің
май қышқылдарымен қосылып ерімейтін тұздары құрылуынан
т.с.с. жағдайларда;
● магнийдің организмнен сыртқа шығарылуы тым артып
кеткенде:
♣ әлдостерон артық өндірілгенде, гипопаратиреоз т.б.
жағдайларда
нефрон
өзекшелерінде
бастапқы
несептен
магнийдің қанға кері сіңірілуі бұзылғанда;
♣ ауыр іш өтулер кездерінде үлкен дәретпен магний
көптеп шығарылғанда;
● қаннан магний жасушаларға артық ауысқанда, мәселен,
тыныстық алкалоз, гиперинсулинемия, ішімдікті доғару
синдромы т.б. жағдайларда осындай құбылыс байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: