Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


үрдістерді жалған аллергиялар дейді



Pdf көрінісі
бет299/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

үрдістерді жалған аллергиялар дейді. 
Сонымен, жалған 
аллергиялар 
кездерінде 
аллергенге 
организмнің 
сенсибилизациясы болмайды, ал аллергияның медиаторлары 
бөлінетін, патохимиялық өзгерістер және патофизиологиялық 
бұзылыстар сатылары айқын байқалады. Бұл аллергия кезінде, 
аллерген мен арнайы антидененің әрекетесуі болмай-ақ, 
аллергия 
дамытатын 
биологиялық 
белсенді 
заттардың 
(гистаминнің, 
комплемент 
құрамбөлшектерінің, 
простагландиндер мен лейкотриендердің) тін жасушаларына 
тікелей бүліндіргіш әсерлері болады.
Жалған аллергиялар үш түрлі жолмен дамуы ықтимал: 
● гистаминдік; 
● комплемент жүйесі әсерленуінің бұзылыстарынан; 
● арахидон қышқылы алмасуының бұзылыстарынан. 
Жалған аллергиялардың гистаминдік жолы. 
Оның негізінде 
дене сұйықтарында гистаминнің мөлшері тым артып кетуі 
жатады. Ол мына жағдайларда байқалады: 

лаброциттер мен базофилдерден гистаминді босататын 
заттардың 
әсерлерінен; 
бұл 
заттарды 
гистаминнің 
либераторлары
деп 
атайды. 
Олар 
тағамдық 
заттарда 
(жұмыртқада, құлпынайда, лимонда, бананда, шоколадта, 
балық өнімдерінде т.б.) болады. Олардың әсерлерінен 
лаброциттер мен базофилдердің түйіршіктері сырттарына 
шығарылып, гистамин босап шығады; 

артық гистаминнің әсерсіздендірілуі бұзылыстарынан; 
гистамин 
әртүрлі 
ферменттердің 
(гистаминаза, 
моноаминоксидаза, диаминоксидаза т.б.) қатысуымен тотығып 


358
ыдыратылады және қан нәруыздарымен, гликопротеидтерімен 
байланстырылып 
(гистаминопексия) 
әсерсіздендіріледі. 
Осылардың 
бұзылыстарында 
гистаминнің 
тіпті 
аз 
мөлшерлерінен бас ауыруы, есекжем, іш өтулері сияқты 
көріністер пайда болады; 

ішек дисбактериозы кездерінде ішекте амин қышқылы 
гистидиннен карбоксил тобын босатып шығаратын микробтардың 
көбейіп кетуінен, ол гистаминге ауысады. Осы жағдайларда 
гистаминнің көбейіп кетуі болады. 
Гистамин өкпеде майда кеңірдекшелерді жиырады, теріде 
венулаларды кеңітіп, олардың қабырғаларының өткізгіштігін 
көтереді. Осылардан тыныс алудың тарылуы, терінің қызаруы, 
ісіну дамиды. Көптеген қан тамырларының кеңейіп кетуінен 
артериалық қысым төмендеп кетуі де ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет