Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері



Pdf көрінісі
бет302/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері. 
Жұқпалы 
аурулардың 
қоздырғыштарына 
қарапайым 
жәндіктерді, майда саңырауқұлақтарды, бактериялар мен 
вирустарды жатқызады. Олардың әр қайсысы өзіне ғана тән 
жұқпалы үрдіс дамытады. Ол микробтың жаратылысынан 
байланысты болады. Жұқпалы үрдістің дәстүрлі үлгісі 
бактериялық жұқпаларға ғана тән. Ал вирустық жұқпалар 
дамуында бұл үрдіс әртүрлі болады. Өйткені, олар жасуша 
гендеріне әсер ететін болғандықтан, әртүрлі вирустық 
жұқпалардың дамуында маңызды ерекшеліктер байқалады. 
Микроорганизмдердің жұқпалы ауру туындату қабілетін 
олардың 
дерттілігі (патогенділігі) 
дейді. 
Дерттілік қоздырғыштардың бір түрінің өкілдеріне ғана 
тән түрлік белгі. Бұл белгі микроорганизмдердің гендік 
бағдарламасында бекітілген және ол тұқым қуалау арқылы 
туынды микробтарға беріледі. Дерттіліктің нәтижесінде: 
● жұққыштық немесе организмге ену қабілеті
● организмде өсіп-өну қабілеті; 
● сол қоздырғышқа ғана тән даму жолдарымен ауру 
туындату қабілеті – қамтамасыз етіледі.
Дерттілік 
өлшемі 
болып, 
микроорганизмдердің 
вируленттілігі 

лат
.
virulentus 
– 
уытты, 
дерт 
туындататын)
 
есептеледі. 
Вируленттілік - микроорганизмнің дерт туындататын 
белсенділік дәрежесін сипаттайтын қасиеті. 
Ол микробтың 
сипатынан және организмнің қабылдағыштығынан байланысты 
болады. Вируленттіліктің өлшемі болып, жұқпалы аурудың 
дамуына 
қажетті 
тірі 
микробтардың 
ең 
аз 
мөлшері 
есептеледі. 
Жұқпалы 
аурудың 
өту 
қарқыны 
микробтың 
вируленттілігіне 
байланысты 
болады. 
Микробтың 
вируленттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ауру оның 
аз өлшемінен жұғады. Ал, микробтың вируленттілігі төмен 
болғанда ауру жұқтыру үшін оның мөлшері де көп болуы 


362
қажет. 
Микробтардың организмде дерт туындататын ықпалдарына: 
● организмге енгіштік және озбырлық ықпалдары
● тіндерге жабысу және колония құрып, өсіп-өну 
ықпалдары; 
● фагоцитозға және иммундық жүйеге қарсы тұратын 
ықпалдары; 
● уыттар өндіріп шығаратын ықпалдары – жатады.
Микроорганизмдер, 
тін 
нәруыздарын 
ыдырататын 
ферменттер өндіріп және жіңішке талшықтарымен белсенді 
түрде қозғалып, тіндерге енеді, организмнің ішкі ортасына 
тарайды. 
Тіндерге енген микробтар жасушалардың рецепторларымен 
байланысады және онда өсіп-өну арқылы жекелеген біртектес 
топтар (колония) құрады. Фагоцитозға және иммунитетке 
қарсы 
тұратын 
ықпалдарымен 
организмнің 
қорғаныстық 
жүйелерінен сақтанады. 
Микроорганизмдер көптеген уыттар өндіріп шығарады. Бұл 
уыттар эндотоксиндер және экзотоксиндер болып ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет