Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет303/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндотоксиндер
бактериялардың бүліністері кездерінде 
сыртқы ортаға бөлініп шығады. Олар бактериялармен тығыз 
байланысқан 
болады 
және 
липополиқанттарға 
жатады. 
Эндотоксиндер фагоциттермен жұтылады. Содан көптеген 
биологиялық 
белсенді 
заттар: 
простагландиндер, 
лейкотриендер, 
тромбоциттерді 
әсерлендіретін 
фактор, 
интерлейкиндер, интерферондар, өспені жоятын фактор т.с.с. 
бөлініп 
шығады. 
Осылардың 
әсерлерінен 
тіндердің 
бүліністері 
болады, 
эритроциттердің 
гемолизі, 
лейкоциттердің ыдырауы, тіндердің некрозы, жүйке жүйесіне 
уыттылығы дамиды.
Экзотоксиндер
көпшілік 
микроорганизмдердің 
тіршілігінде сыртқы ортаға шығарылады. Олар негізінен 
нәруыздарға жатады және өте аз өлшемдерде уытты болады
өте жоғары спецификалық әсер етеді. Олардың әсерлерінен 
белгілі бір химиялық үрдістер артады, организм тіршілігіне 
маңызды қосындылар ыдыратылады, оның қорғаныстық жүйелерін 
басып тастайды. 
Экзотоксиндердің 
 
әсер ету жолдарына қарай оларды 5 
топқа ажыратады: 
● 
жасуша қабықтарын бүліндіретін уыттар, мәселен, E-
coli 
гемолизині, 
P. 
haemolitica 
лейкотоксин, 
C.
perfringens α-токсиндер, St. aureus α-токсин т.б. көптеген 
уыттар; 
● жасушаларда нәруыздар түзілуін тежейтін уыттар, 
мәселен, C. diphteriae гистотоксині, P. aeruginoza А 
экзотоксині, S. disenteriae токсині т.с.с.; 


363
● екіншілік дәнекерлердің (мәселен, цАМФ) алмасу 
жолдарын әсерлендіретін уыттар (мәселен, тырысқақ ауруының 
энтеротоксині аденилатциклаза ферментінің белсенділігін 
көтеріп, цАМФ түзілуін арттырады. Осыдан ішектерде Na

, K

иондары мен судың сіңірілуі бұзылады
● протеазалар өте күшті уыттарға жатады. Олар тін 
нәруыздарын ыдыратады (мәселен, ботулин уыты, сіреспе уыты 
т.б.); 
● иммундық жауапты әсерлендіретін уыттар (мәселен, 
уытты сілейме синдромының уыттары, энтеротоксиндер, S.
pyogenes пирогендік экзотоксиндер т.б.). Олар иммундық 
жүйенің антигенді таныстыратын жасушаларына және Т-
лимфоциттеріне 
әсер 
етіп, 
цитокиндердің 
өндірілуін 
арттырады, тін жасушаларын бүліндіріп, қабыну дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет