Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сепсис– деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромы



Pdf көрінісі
бет315/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сепсис– деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромы 


374
дамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын
айтады. 
Оның көрсеткіштері болып: 

қанда бактериялардың тұрақты болуы (бактериемия) 
● қабынулық бүліністердің ауқымды ошағы болуы - 
есептеледі. 
Ауыр сепсис – деп, айқындалған жұқпа ошағы және жүйелі 
қабынулық 
серпілістер 
синдромының 
екіден 
астам 
көрсеткіштері 
болуымен 
көрінетін, 
белгілі 
организм 
жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады. 
Бұл кезде ересек адамдарда тыныстық дизстресс-синдром
кардиогендік 
қан 
айналым 
жеткіліксіздігі, 
бүйрек 
қызметінің жеткіліксіздігі т.с.с организмнің бұзылыстары 
байқалады. 
Сепсистік сілейме 
артериялық қысым сынап бағанасы 
бойынша 90 мм-ден төмен түсіп кетуімен көрінетін сепсистік 
синдром және бұл кезде тамыр тарылтатын дәрілер әсер 
етпейді. Ауыр сепсис кезіндегіден де артық көптеген ішкі 
ағзалардың қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады. 
Сепсистік сілейменің даму жолдары өте күрделі болады. 
Микроорганизмдердің, 
олардың 
тіршілік 
өнімдері 
мен 
уыттарының, тіндердің ыдырау өнімдерінің және қабыну 
медиаторларының көптеп жалпы қан айналымға түсуінен майда 
артериялардың межеқуаты азайып, олар кеңіп кетеді. Содан 
артериалық 
қысым 
төмендейді. 
Макрофагтар 
мен 
лимфоциттерден т.б. жасушалардан босап шығатын әртүрлі 
цитокиндер, 
бактериялардың 
уыттары 
және 
қабыну 
медиаторлары жүрек қызметінің әлсіреуін туындатады. Майда 
қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлауынан 
қанның сұйық бөлшегі тамыр сыртына шығып, айналымдағы қан 
көлемін 
азайтады. 
Осылардың 
біріккен 
нәтижелерінде 
артериялық қысымның төмендеуі одан сайын үдей түседі. 
Содан тіндерде майда қанайналымның бұзылыстары дамиды, 
циркуляциялық гипоксия байқалады. Бұған тіндік гипоксия 
қосылады. Өйткені өспелерді жоятын α-факторының әсерінен 
жасушалардың 
митохондрийлары 
бүлінеді. 
Бұл 
кезде 
микроциркуляцияның бұзылыстарына тамыр ішінде шашыранды 
қан ұю синдромы (ТШҚҰ-синдромы) дамуы да өз үлесін қосады. 
Гипоксияның нәтижесінде метаболизмдік ацидоз дамиды. 
Сепсистік сілейме кезінде иммундық жүйенің тежелуі 
болады. Оған иммундық тежегіш заттардың (кортизол, 
интерлейкиндер 4, 10, простагландин Е
2
, өспелерді жоятын 
α-фактор т.б.) қанға түсуі әкеледі. 
Гипоксияның 
нәтижесінде 
ішектердің 
қабырғаларының 
өткізгіштігі көтеріліп, оларда өндірілген уытты заттардың 
қанға түсуі организмнің уыттануын одан сайын күшейтеді.
Ішкі 
ағзалардың 
микроциркуляциясы 
бұзылыстарынан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет