Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы (ЖҚСС) – деп



Pdf көрінісі
бет314/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы (ЖҚСС) – деп 
микроорганизмдердің, олардың тіршілік өнімдерінің немесе 
қабыну медиаторларының, жергілікті қабыну ошағынан шығып, 
жалпы қан айналыммен бүкіл денеге тарап кетуін айтады. 
Ол

бастапқы қабыну ошағында өтетін үрдістерден дамиды. 


Қалыпты жағдайларда қабыну үрдісі бүлінген жерді белгілі 
жерге 
орнықтырып, 
шектеп, 
бүліндіргіш 
ықпалды 
(микроорганиздерді) 
және 
бүлінген 
тінді 
аластауға 
бағытталған қорғаныстық қызмет атқарады. Қабынудың осы 
қызметі бұзылғанда немесе жеткіліксіз болғанда ЖҚСС –ы 
дамиды. Ол мына жағдайларда байқалуы мүмкін: 
● микробтардың дерттілік қасиеті тым жоғары болғанда 
олар, барлық қорғаныстық тосқауылдардан өтіп кетіп, жалпы 
қан айналымға түсуінен; 
● микробтардың өздері қабыну ошағында сақталып, 
олардың ыдырау және тіршілік өнімдері (экзотоксиндері, 
эндотоксиндері) мезгіл-мезгіл жалпы қан айналымға түсіп 
тұруынан; 
● қабыну кезінде бүліністік үрдістер тым қатты болудан 
қан айналымға қабыну дәнекерлерінің көптеп түсуінен.
Соңғы жағдайда ЖҚСС қанға микроб түспей-ақ дамиды. 
Бұндай жағдай күйік пен жарақат қабаттасып, жұқпамен 
асқынбай, әсер еткенде байқалады. Ауыр жарақаттар немесе 
күйіктер кездерінде ішектердің қабырғаларының тосқауылдық 
қасиеті бұзылады, өткізгіштігі көтеріліп кетеді. Осыдан 
ішек 
микробтарының 
тіршілік 
өнімдері 
мен 
ыдырау 
өнімдерінің жалпы қан айналымға түсуі болады. Содан кейде 
жергілікті қабыну үрдісі болмай-ақ ЖҚСС дамуы ықтимал.
Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы кезінде: 
● дене қызымы 38
˚
С-дан астам көтерілуі немесе 36
˚
С-
дан төмендеп кетуі; 
● жүрек соғуы минөтіне 90-нан астам жиілеуі
● тыныс алу минөтіне 20-дан астам жиілеуі; 
● қанда лейкоциттердің саны 12 • 10

/л-ден астам 
көбеюі немесе 4 • 10
9
/л-ден төмен азаюы - байқалады. Бұл 
кезде лейкоциттердің 10%-дан астамы жетілмеген жас 
түрлеріне (миелоциттер, метамиелоциттер, таяқша ядролы 
нейтрофилдер) келеді. 
Осы келтірілген әйгіленімдердің ең кемінде екеуі 
болғанда ЖҚСС-деп аңғаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет