Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет319/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Морфологиялық атипия. 
Морфологиялық атипия тіндік және жасушалық болып 
ажыратылады.
Тіндік атипия
– деп тіндік құрылымдардың қалыпты 
арақатынасының 
бұзылуын 
айтады. 
Әрбір 
өспеде 
оның 
арнайыланған бөлшектерінен тұратын 
ұлпасын
және, құрамына 
қан 
тамырлары, 
жүйке 
және 
коллаген, 
аргирофилдік 
талшықтары кіретін, болбыр тіректік дәнекер тін - 
строманы
ажыратуға болады. Қатерлі өспелерде строма қатты азайып, 
ұлпасы басым болып кетеді. Өспелерде ірі қан тамырлары 
қалыпты пішінін жоғалтып, олардың саңылаулары босап 
қалады. Кейбір қатерлі өспелерде майда қан тамырларының 
ішкі қабықтарында эндотелий жасушалары жоғалып, олардың 
орнын өспе жасушалары басады. Өспелер негізінен көптеген 
қылтамырлармен жабдықталған және олардың өздері өспенің 
шеткері жақтарында орналасады. Өспе өсу аумағында жүйке 
талшықтары бүліністерге ұшырап, тіршілігін жоғалтады. 
Қатерсіз өспелерде строма басым болады. 
Жасушалық атипия - ө
спе жасушаларының құрылымы мен 
пішіні және көлемі бойынша орналасқан қалыпты тін 
жасушаларынан алшақтанып, ерекшеленуін айтады. Олардың 
сыртқы пішіні өзгерген, көлемі үлкен болады. Ядроның 
көлемі үлкеюінен ядро мен цитоплазманың арақатынасы 
ұлғаяды, ядрода хроматин мен ядыршықтары көбейеді, 
хромосомалардың саны өзгереді, кейбіреулерінің құрылымы 
бұзылады, митохондрийлар азаяды, олардың тарақшаларының 
(кристаларының) құрылымы өзгереді, цитоплазмасында нәруыз 
түзілуіне қажетті рибосомалар көбейеді және әртүрлі 
қоспалар пайда болады. Өспе жасушалары мембраналарының, 
әсіресе лизосома мембраналарының, өткізгіштігі көтеріледі. 
Митоздық бөліну сатысындағы жасушалардың саны артады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет