Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет33/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

45
ЭЛЕКТР АҒЫМЫНЫҢ 
бүліндіргіш
 
әсері.
Адамға найзағайдың немесе техникалық электр ағымдары 
әсер етуі мүмкін. Адамға найзағай түскенде оның денесі 
арқылы өте қысқа мерзімде тым үлкен кернеудегі (миллион 
вольтқа 
дейінгі) 
электр 
ағымы 
өтеді. 
Бұл 
кезде 
найзағайдың әсерінен денеде күйіктер пайда болады, 
тіндерге ерекше тармақталған қан құйылулар, тіндердің 
қарайып кетуі және өлеттенуі байқалады. Кейбір дене 
мүшелері үзіліп кетуі мүмкін. Адам жүрегі мен тынысы 
тоқтап қалудан өледі. 
Техникалық 
электр 
ағымының 
бүліндіргіш 
әсері 
(электросоққы) оның түрінен (түрақты немесе ауыспалы), 
күшінен, кернеуінен, өту бағытынан және өту уақытынан
сонымен қатар тіндердің кедергілік қасиетінен және 
организмнің жалпы жағдайына байланысты. 
Электр ағымының күші 
бірдей болғанда тұрақты электрге 
қарағанда ауыспалы электр организм үшін қауіпті. Күші 100 
мА әсер еткенде электр ағымы адамның өліміне әкеледі. 
Күші 12-25 мА, жиілігі 50-60 Гц ауыспалы электр ағымы 
дене мүшелерін тырыстырып тастайды. Осыдан электр сымына 
тиген дене мүшесі тырысып, одан айырыла алмай қалады. 
Электр ағымының кернеуі 
40 вольтқа дейін организмнің 
зақымдануына әкелмейді. Оның кернеуі 1000 вольтқа дейін 
көтерілгенде 50%, 3000 вольтқа дейін көтерілгенде - 100% 
зақымданған адам жан тапсырады. 42,5 вольт кернеуі бар 
ауыспалы электр ағымының зақымдық қауіпі 120 вольт 
кернеуі бар тұрақты электр ағымының зақымдық қауіпімен 
тең болады. Бірақ тұрақты электр ағымының қауіптілігі 
450-500 вольт кернеуге дейін ғана ауыспалы ағымнан аз 
болады. Ары қарай тұрақты электр ағымының кернеуі 
көтерілуіне байланысты ол ауыспалы ағымнан қауіптірек 
болады. 
Кедергілік қасиеті. 
Ауыспалы электр ағымына адам 
денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын 
импеданс -
дейді. 
Ол 
тіндердің 
белсенді 
(омдық) 
және 
қайта 
әсерленген (сыйымдылық) кедергілерден түрады. Терінің 
сыртқы эпидермалық қабатының электр ағымына кедергісі 
бойынша 1— орында (2 млн. Ом), ары қарай сіңір, сүйек, 
жүйке және бұлшықет тіндері, қан - кедергісі азаюына 
қарай орналасады. Жұлын - ми сұйығында ең аз кедергі 
болады. Адам денесінің жалпы кедергісі орташа 100 000 Ом 
(1000 нан миллиондаған Ом-ға дейін). 
Терінің ылғал болуы кедергіні төмендетеді. Құрғақ 
терінің кедергісі молырақ болады. Тері кедергісінің 
мөлшері электр ағымының күші мен кернеуіне байланысты. 


46
Оның кернеуі 10—40 вольт болғанда терінің эпидермисін 
жарып өтеді. Осыдан 220 вольт электр кернеуі дененің 
кедергісін күрт төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет