Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Темір тапшылықты анемиялар



Pdf көрінісі
бет361/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Темір тапшылықты анемиялар 
Темір организмге тағаммен гемнің құрамында немесе оның 
құрамына кірмеген түрінде түседі. Біріншісі жануарлардың, 
екіншісі 
өсімдік 
өнімдерінде 
болады. 
Гемдік 
темір 
организмге жақсы сіңіріледі. Ал, гемдік емес темір 5%-дан 
аз мөлшерде сңіріледі. Ашішекте темірдің сіңірілуін 
аскорбин қышқылы қамтамасыз етеді. Ол Fe
3+
түрін
Fe
2+
,
ішектегі 
сілтілік 
ортада 
жақсы 
еритін, 
түріне 
айналдырады. Содан темірдің сіңірілуі артады. Ашішектің 
шырышты қабығында темірдің ішек жасушаларына және одан
қанға өтуін жеңілдететін рецепторлар бар. Темір қанда 
трансферринмен байланысып тасымалданады. Трансферрин 
жасуша 
қабықтарындағы 
арнайыланған 
рецепторлармен 
байланысады 
да, 
«рецептор-трансферрин-темір» 
кешенін 


428
құрады. Бұл кешенді жаңа дамып келе жатқан эритроциттер 
жұтып, темірін босатып алады. Ал, рецептор-трансферрин 
оның сыртына шығарылады. Темір ферритинмен байланысады. 
Ферритин – темір иондарын уытсыздандырған түрінде қорға 
жинайтын жасуша ішінде болатын нәруыз. Ары қарай керек 
кезінде темір осы қорынан шығарылып, гемоглобин түзу үшін 
пайдалынылады. Ферритиннің әрбір молекуласы темірдің 4500 
атомына 
дейін 
байланыстыра 
алады. 
Оның 
біразы 
гемосидеринге ауысады. Ол темірді артық мөлшерде, бірақ 
суда ерімейтін түрінде, байланыстырады. Ер адамдардың 
денесінде әрбір кг дене массасына 50мг, әйелдерде – 40мг 
темір болады. Оның 28-31 мг/кг- гемоглобиннің, 4-5 мг/кг- 
миоглобиннің, құрамында, 12 мг/кг-ферритин мен гемосидерин 
түрлерінде, ал 2 мг/кг-дайы темірі бар ферменттердің 
құрамын енеді. Темірдің қоры бауырда, сүйек кемігінде
көкбауырда және бұлшықеттерде жиналады. Темірдің денедегі 
қорын қандағы ферритиннің, темір мен трансферриннің қанығу 
мөлшерін 
анықтау 
арқылы 
жорамалдауға 
болады. 
Бауы 
ферритинді организмдегі бар темірдің мөлшеріне қарай 
өндіреді. Сондықтан қандағы ферритиннің мөлшері денедегі 
темір қорының маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Оның 
мөлшері 12 нг/мл-ден аз болса, ол организмде темірдің 
тапшылығын көрсетеді.
Сонымен бірге денедегі темірдің қорын трансферриннің 
темірмен қанығу дәрежесімен де анықтауға болады. Бұл 
көсеткіш 
қан 
плазмасында 
темірдің 
мөлшерімен 
трансферриннің арақатынасы (Fe/трансферрин● 100%). Ол 
қалыпты жағдайда 20%-дан астам болады. Оның аздығы 
организмде темірдің тапшылығын көрсетеді. 
Организмде темірдің сүйек кемігінде оның мөлшерін 
анықтау арқылы білуге де болады. Онда темір табылса оның 
тапшылығы жоқ болғаны, ал табылмаса – темір тапшылықты 
анемия деп ешбір күмәнсіз айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет