Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар



Pdf көрінісі
бет357/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар. 
 
Бұл анемиялар эритроциттердің мембранасы әртүрлі 
әсерлерден бүлінуінен, көбінесе тамыр ішіндегі гемолизбен 
байланысты, дамиды. Тез дамитын гемолизге гемоглобиннің 
несепте пайда болуы (гемоглобинурия) тән. 
Этиологиясы.
Эритроциттердің 
гемолизін 
химиялық, 
физикалық, механикалық, биологиялық ықпаллар туындатуы 
мүмкін. 
● 
химиялық 
ықпалдарға: 
мышьяк, 
қорғасын, 
мыс 
қосындылары, нитробензол, фенилгидразин, хлорамин т.с.с. 
жатады. Бұл заттардың көпшілігінің әсер ету жолдарының 
негіздерінде эритроциттердін мембранасында майлардың асқын 
тотығуын туындатуы жатады; 
● физикалық және механикалық ықпалдарға: ыстық және 
суық температуралардын, жасанды жүрек қақпақшалары мен қан 
тамырларының әсерлері, ұзақ алыс жолдарда жаяу жүргенде 
эритроциттердің механикалық бүлінуі т. б. жатады; 
● биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, 
саңырауқүлақ уы, вирустар, кейбір жұқпалы және құрттық 
аурулар (безгек, сепсис, мерез, туберкулез т. б.) 
кездеріндегі 
эритроциттердің 
гемолизі 
және 
олардың 
иммундык гемолиздері жатады. 
Иммундық гемолиздерде эритроциттердің мембранасының 
құрылымы өзгеруінде антиденелер қатысады. Бұл иммундық 
серпілістердегі қатысатын антиденелердің табиғатына қарай 


424
изоиммундық, аутоиммундық және гаптендік анемиялар болып 
бөлінеді. 
Изоиммундық гемолиздік анемиялар организмге құйылған 
қанның топтық, резус факторлық т. б. сәйкессіздіктерінде 
дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан 
құйғанда байқалады. Екіншісі резус-оң нәрестелерде резус-
теріс 
аналардың 
организмінде 
түзілген 
антирезустық 
антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі, сөйтіп 
жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы дамиды. 
Аутоиммундық гемолиздік анемия эритроциттердің сыртқы 
беттерінде өз антигендеріне қарсы арнайы антиденелердің 
болуымен 
байланысты. 
Бұл 
антиэритроциттік 
аутоантиденелердің 
қалыптасу 
негізінде 
иммундық 
шыдамдылықтың (толеранттықтын) жоғалуы жатады. Бұл кезде 
иммуно-циттердің 
соматикалық 
мутациясы 
нәтижесінде 
эритроциттердің 
қалыпты 
антигендеріне 
антиденелер 
өндіріледі. 
Гаптендік 
гемолиздік 
анемия 
дәрілермен, 
кейбір 
химиялық заттармен байланысты дамиды. Кейде антиденелермен 
дәрілер 
(пенициллин) 
эритроциттердің 
сыртқы 
бетінде 
байланысып, гемолиз шақыра алады. Басқа жағдайларда 
(фенацетин, парааминосалицил қышқылы, сульфаниламидтер т. 
б.) түзілген антиденелер (IgG, IgM) қанайналымдарындағы 
бос айналып жүрген дәрілермен қосылады да, иммундық кешен 
(ИК) (антиген (дәрі) + антидене) құрады. Бұл ИК қан 
жасушалаларына жабысады да, комплементті әсерлендіріп, 
гемолиз туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет