457
жасушаларының CD19 антигені мен иммундық глобулиндердің
гендері дерттік өзгерістерге ұшырайды.
Қалған жағдайларда жіті лимфобластық лейкоздың дамуы
Т-лимфобластармен байланысты болады. Оны Т-жасушалы түрі
дейді. Т-лимфобластарында Т-жасушаларының жас антигендері
мен олардың рецепторларының гендері дерттік өзгерістерге
ұшырайды.
Жіті
лимфобластық
лейкоз
кезінде
шеткері
қанда
лимфобластар басым болады, жетілген лимфоциттер аздап
кездеседі ( -сурет).
Созылмалы лейкоздар.
Созылмалы лейкоздар кезінде жетіліп келе жатқан,
нақтылану қабілетін жоғалтпаған және кемелденген қан
жасушаларының өсіп-өніп кетуі байқалады. Бұл лейкоздар:
созылмалы миелолейкоз, лимфолейкоз, моноциттік лейкоз,
мегакариоциттік
лейкоз,
созылмалы
эритромиелоз
деп
ажыратылады.
Созылмалы миелолейкоз
кезінде шеткері қанда жетілудің
барлық
сатыларындағы
түйіршікті
лейкоциттер
(гранулоциттер) болады. Олардың ішінде миелобластар,
промиелоциттер,
миелоциттер,
метамиелоциттер,
таяқша
ядролы және бөлшектелген ядролы нейтрофильдер кездеседі (-
сурет).
Сонымен
қатар
қанда
эозинофилдер
мен
базофильдердің саны көбейеді. Бұл кезде сүйек кемігінің
барлық
бөліну
сатысындағы
жасушаларының
95%-да
филаделфиялық хромосома байқалады.
Созылмалы
миелолейкоздың
соңғы
сатысында
қанда
миелобластардың саны көбейіп кетеді. Бұны «бластық криз»
(асқыну) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: