Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет384/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Созылмалы лимфолейкоз
- негізінен В-лимфоциттердің, 


458
кейде Т-лимфоциттерінің өспесі. Шеткері қанда аздаған 
лимфобластар, 
пролимфоциттер 
болады, 
ал 
жетілген 
лимфоциттер (80-90%-ке дейін) басым болады (-сурет). Қан 
жағындысында ядросы ыдыраған лимфоциттер (Гумпрехт-Боткин 
жасушасы) кездеседі. Бұл кезде қанда нейтрофилдер, 
эритроциттер және тромбоциттер қатты азайып кетеді. 
Өйткені миелоидтық тін лимфоидтық тінге ауысып кетеді. 
Лейкоздардың тіршілікке қауіптілігі. 
Жіті және созылмалы лейкоздардың нәтижесінде үдемелі 
метаплазиялық анемия дамиды. Бұл кезде гемоглобин 30-20 
г/л-ге, 
эритроциттер 1 

0,6 • 10
12
/л-ге дейін, 
тромбоциттер 30 -10 • 10
9
/л-ге дейін азаяды. Түстік 
көрсеткіштер 
бойынша 
ане-мия 
нормохромдық 
немесе 
гипохромдық 
болады. 
Тромбоциттердің 
саны 
азаюына 
байланысты тіршілікке маңызды ағзаларда қан қүйылулар, 
мұрынның, қызыл иектің, ішектердің қанаулары болады. 
Осыдан анемия одан сайын күшейеді. 
Лейкоз 
кезінде 
әртүрлі 
ағзалар 
мен 
тіндерде 
лейкемиялық метаплазия дамуына байланысты қан айналым, зат 
алмасу үрдістерінің бұзылыстары дамиды. Осыдан ағзалар мен 
тіндерде дистрофиялық өзгерістер пайда болады. 
Лейкоз кезінде лейкоциттердің фагоцитоздық қызметі 
бұзылады, лимфоциттердің өзгеруі иммунитеттің жасушалық 
және гуморалдық тетіктерінің жеткіліксіздігіне әкеледі. 
Осыдан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендейді. Бұл 
кезде науқас адамның өлімі сепсис дамуына әкелетін жұқпалы 
асқынулардан, қан кетулерден, миға, өкпеге, жүрекке т. б. 
ағзаларға қан құйылудан, үдемелі анемия дамуы нәтижесінде 
гипоксиядан болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет