Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Маскүнемдіктің даму сатылары



Pdf көрінісі
бет55/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Маскүнемдіктің даму сатылары
. Маскүнемдік үш сатыда 
өтеді. 
Бірінші
сатысы 1 ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін. 
Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады, артық ішкеннен 
кейін құсу болмайды, масаю кезінде істегендерін ұмытып 
қалады. Науқастарда рухани тәуелділік дамып, ұдайы ішкісі 
келіп тұрады, ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді. 
Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқалмайды.
Екінші 
сатысы (5-15 жыл) ішімдікті көп және 
күнделікті іше бастайды. Ол көңіл-күйінің қобалжуын енді 


67
баспайды, керісінше оны тек қоздырады. Жадында сақтау 
қабілеті жоғалады, көңіл-күйінің сәттілігі ұдайы ішімдік 
қабылдаудан байланысты болады. Ішпеген жағдайда ойлау 
әрекеттері бұзылады, ой жұмысын атқара алмайды. Есілдерті 
ішімдік 
ішуге 
ғана 
ауып 
тұрады. 
Инабаттылық, 
адамгершілік, ізеттілік деген ұғымдардан алыстай түседі. 
Ішпеген жағдайда көңіл-күйі басыңқы болып, ашушаңдыққа 
бой алдырады, жұмысқа деген қабілеті жоғалады. Ішімдік 
ішуден кейін әл-қуаты артады. 
Д
оғару синдромы
: денесінің жоғары жақтары қызаруымен, 
бет әлпеті домбығуымен, қол басы мен саусақтарының 
қалтылдауымен, тәбеттің жоғалуымен, ұйқы қашуымен, бас 
ауыруымен және бас айналуымен, көз қарашығы кеңеюмен
жүрек және құрсақ аумақтарында ауыру сезімі болуымен 
көрінеді. Адамның шабыты жоғалады, парасаты төмендейді, 
ол болар болмасқа ашушаң болады. Басында мастық кезінде 
ғана байқалатын қызғаныштық сандырақтар, енді тұрақты 
түрде байқалады. Осыдан өзін қоршаған адамдарға қауіп 
төндіре бастайды. Бұл кезде кез келген дерт, жарақат 
немесе хирургиялық операциялық әрекеттер ауыр маскүнемдік 
психоздармен асқынуы ықтимал. Ішімдіктің көп мөлшерлеріне 
төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. 
Сондықтан бұндай адамдарға наркоз беру үшін қолданылатын 
наркоздық дәрілердің өлшемі өте жоғары болуды қажет 
етеді. 
Бұл сатысы кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер, көз 
көру 
алаңы 
тарылуы, 
көздердің 
бірікпей 
еріксіз 
қозғалыстары, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары т.с.с. 
байқалады. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауырдың, ас 
қорыту жолдарының т.б. аурулары дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет