Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет579/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Беринг феномені
дейді. 
Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері.
Жүйке 
жүйесінің 
біртектес 
дерттік 
өзгерістеріне 
нейрондардың
 
бұзылыстары жатады

Жүйке жүйесі нейрондардан 
тұрады. Мида мөлшермен 10
10 
нейрондар болады. Олар нейрон 
денесінен, ұзын тармағынан (аксоннан), қысқа тармақтарынан 
(дендриттерден) және түйіспелерден (синапстардан грек. 
synaps - түйісу, түйіспе) тұрады (-сурет). 
- сурет. Нейрон құрылымы. А-қалыпты нейрон, В-аксоны 
бүлінген нейрон. 
Нейрондар өзара бірімен бірі түйіспелер арқылы 
байланысады. Түйіспе деп бір нейронның екінші нейронмен 
байланысуын қамтамасыз ететін құрылымдардың бөлшегін 
айтады. Аксондардың басқа нейрондарда аяқтадатын соңын 
пресинапстық (түйіспе алды) құрылым деп атайды. Аксон 


688
аяқшалары мембранасымен байланысатын жасуша мембранасы 
аралығында синапстық саңылау (10-нан 50 нм дейін) болады. 
Сипанстық саңылаудан кейінгі құрылымды постсинапстық 
(түйіспе соңы) құрылым деп атайды. 
- сурет. Түйіспе құрылымы 
Организмде ағзаларды реттеу хабары жүйкелік серпіндер 
(импульстер) өткізу арқылы беріледі. Бұл серпіндер бір 
нейроннан 
екіншісіне 
нейромедиаторлардың 
қатысуымен 
таратылады. Нейромедиаторларға ацетилхолин, норадреналин, 
дофамин, серотонин, глуматин қышқылы, аспарагин қышқылы, 
гомоцистеин қышқылы, гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б. 
жатады. Олар қоздырғыш (глутамин, аспарагин, гомоцистеин 
қышқылдары), тежегіш (гамма-аминомай қышқылы, глицин т.б.) 
нейромедиаторлар 
болып 
бөлінеді. 
Мида 
осы 
нейромедиаторларды 
қабылдайтын 
әртүрлі 
қабылдагыштар 
(рецепторлар) бар. Сонымен бірге нейрондарда көптеген 
пептидтер өндіріледі. Бұл пептидтерге аденогипофиздің 
гормондары, гипоталамуста өндірілетін либериндер мен 
статиндерден басқа әртүрлі жүйке жасушаларында өндірілетін 
шағын 
пептидтер 
(олигопептидтер) 
(эндорфиндер 
мен 
энкефалиндер) жатады. Көрсетілген пептидтер реттеуші 
пептидтер 
деп 
аталады. 
Олар 
жүйкелік 
серпіндердің 
өткізілуінде дәнекерлік (медиаторлық) міндет атқарады. 
Сонымен бірге, олар басқа нейроме-диаторлардың әсерлеріне 
ықпал етіп, синапстар арқылы жүйкелік серпіндердің өтуін 
өзгертеді. 
Нейрондардың бұзылыстары: 
● олардың мембраналарының бұзылыстарымен 
● аксондарының бұзылыстарымен 
● дендриттерінің бұзылыстарымен 
● түйіспелерінің бұзылыстарымен - көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет