707
өтуін қадағалайтын заңдылықты ұғады. Бұл заттың нейрондары
жуан және жіңішке жүйке талшықтарымен өтетін серпіндердің
өтуін қадағалайды. Бұл жүйке талшықтары жұлынның артқы
мүйіздерінің
нейрондарымен
және
желатиналық
заттың
нейрондарымен синапстық байланыстар құрады. Бүл кезде жуан
жүйке талшықтарымен түсетін серпіндер, желатиналық заттың
нейрондарын қоздырады, ал жіңішке жүйке талшықтарымен
түсетін серпіндер оларды, керісінше, тежейді. Жорамал
бойынша жұлынның артқы мүйізінің нейрондарына серпіндердің
тым жиі түсуі ауыру сезімін туындатады. Ал, желатиналық
заттың нейрондары жұлынның артқы мүйіз нейрондарына
серпіндердің түсу жолдарын ашып-жауып тұратын қақпа
міндетін атқарады. Жуан жүйке талшықтарымең түсетін
серпіндер
желатиналық
заттың
нейрондарын
қоздырып,
жұлынның артқы мүйіз нейрондарына олардың түсуін тежейді.
«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды.
Жіңішке жүйке талшықтары қозғанда желатиналық заттың
нейрондары тежеледі, ноцицепциялық серпіндер жұлынның
артқы мүйіз нейрондарына оңай өтіп кетеді де, ауыру сезімі
пайда болады немесе күшейеді. «Қақпа» ашық болады.
Сонымен
ноцицепциялық
тітіркендіргіштерге
жұлын
бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мидың
торлы
құрылымы,
мезоэнцефалиялық
аймақ,
таламус,
лимбикалық жүйе, мидың сыртқы қыртысы жауап қайтарады.
Ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жүйке
әрекеттері түрлерінің, адамның көңіл-күйі жағдайларының
маңызы үлкен. Адам өзінің ынта-жігерін, назарын басқа
жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.
Достарыңызбен бөлісу: