Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Парасимпатикалық жүйкеленудің болмауы немесе әлсіреуі



Pdf көрінісі
бет592/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Парасимпатикалық жүйкеленудің болмауы немесе әлсіреуі. 
Бұндай жағдай кезбе жүйкелерді мойында қию операциясынан 
(ваготомиядан) кейін дамиды. Олар өте ауыр өтіп, 
жануарлардын өліміне әкеледі. Ваготомиядан кейін: 
● 
өкпеден 
Геринг-Брейер 
рефлексінің 
болмауынан 
тыныстық қозғалыстар тереңдеп, сирейді 
● көмекейді жабатын еттердің салдануы дамып, жұтыну 
кезінде тағамның тыныс жолдарына және өкпеге түсуі 
байқалады. Осыдан адам мен жануарлар жұту кезінде шашалып, 
өкпелерінде қабыну үрдістері дамиды. Мұндай өкпе қабынуын 
аспирациялық пневмония дейді 
● өкпеде тамырларды тарылтатын жүкелік әсер болмауынан 
онда қан іркіліп, өкпенің ісінуі дамиды. Бұл өкпенің 
қабынуына әкеледі. Бұндай қабынуды «вагустық пневмония» 
дейді; 
● асқазан мен ұйқыбез сөлдерінің бөлініп шығарылуы 
азаяды. Осыдан ас қорыту бұзылады.
Кезбе жүйкенің жекелеген тармақтарын қию асқазан мен 
ұлтабардың ойық жара ауруы кезінде қолданылады. Бұндай 
операцияны сегменттік ваготомия деп атайды. Осыдан асқазан 
сөлінде тұз қышқылы азайып, ойық жара дамуын әлсіретеді. 
Жүректің 
парасимпатикалық 
жүйкеленуінің 
бұзылуы 
бактерия уыттарының (ботулин, күл ауруы), іш сүзегі 
бактериялары антигендерінің әсерлерінен дамиды. 
Парасимпатикалық 
жүйкелердің 
жұлынның 
сегізкөз 
бөлігінде бұзылуы жарақаттың немесе осы аймақта өспе 
өсуінің нәтижелерінде байқалады. Осыдан несеп шығарылуы 
мен үлкен дәрет сындыру, жыныстық қызметтердің бұзылыстары 
дамиды. 
Дербес 
жүйкелік 
невроздар. 
Дербес 
жүйкелік 
жүйкеленудің бұзылыстары кең тараған дерттерге жатады. Бұл 
кезде әрі парасимпатикалық, әрі симпатикалық жүйке 
жүйелерінің бұзылыстары біріккен түрде болады. Бүл 


704
жүйкелердің 
қозымдылығы 
қатты 
және 
ұзақ 
мерзімге 
көтеріледі. Осыдан жүректің ырғағы мен соғу жиілігі 
бұзылады, қан тамырларының межеқуаты құбылып тұрады. 
Кейбір адамдарда артериялық гипертензия, кейбіреулерінде 
керісінше, гипотензия, ал басқаларында артериялық қысым 
өте құбылмалы, біресе жоғарылап, біресе төмендеп кетуі 
мүмкін. Мұндай жағдайды қан тамырлық дистония деп атайды. 
Сонымен бірге дербес жүйкелік невроздар кездерінде тер 
шығуының бұзылыстары, біресе бұрқ етіп тершеңдік, бірде 
керісінше терінің құрғақтығы байқалады. Теріде ақ немесе 
қызыл дермографизм, ас қорытылудың (іш өтуі, іш кебу, іш 
жүрмеу) бұзылыстары дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет