Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Салдарлық (екіншілік) семіру



Pdf көрінісі
бет147/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Салдарлық (екіншілік) семіру. 
Этиологиясы 
мен 
патогенезі.
Бастапқы 
жүйкелік-
эндокриндік бұзылыстардың дамуы нәтижесінде байқалатын 
семірулерді 
салдарлық семіру 
дейді. Қазіргі күні оны май 
тінінде өндірілетін лептиннің немесе лептинді қабылдайтын 
гипоталамустағы рецепторлардың жеткіліксіздіктері- мен 
байланысты емес семіру деуге болады. Семірудің бұл түрін: 
● гипоталамустық-гипофиздік (
орталықтық
) семіру 
● 
басқа 
эндокриндік 
бездердің 
қызметтерінің 
бұзылыстарымен байла- нысты (
шеткерілік
) семіру – деп 
ажыратады. Әрине бұлай ажырату шартты түрде ғана дұрыс 
болады. Өйткені гиперкортицизм кезіндегі семіру әрі 
орталықтық, әрі шеткерілік бездердің бұзылыстарымен 
байланысты болады. 
Салдарлық семірудің орталықтық түрі гипоталамус пен 
гипофиздің көптеген бүліністері кездерінде байқалады. Бұл 
бүліністерге: гипофиздің базофильдік аденомасы (Иценко-
Кушинг ауруы), жекеленген гипопитуитаризм, гипофиздік 
ергежейлілік т.б. көптеген арнайы синдромдар кездеріндегі 


171
гипоталамустың вентромедиалдық орталығының жарақаттан
өспе 
өсуінен, 
қан 
құйылуынан, 
энцефалит 
дамуынан 
бүліністерін келтіруге болады. 
Салдарлық семірудің шеткерілік түрі: Иценко-Кушинг 
синдромы, инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің 2-түрі, 
гипогонадизм, 
инсулинома 
т.с.с. 
дерттер 
кездерінде 
байқалады. 
Салдар семірудің орталықтық түрін біріншілік семіруден 
айырып тану қиындыққа ұшырайды. Оларды ажырату үшін 
науқастың көктамыр ішіне люлиберин енгізіп, сынама 
өткізеді. Бұл кезде біріншілік семіздігі бар адамдардың 1 
литр қанына шаққанда пролактиннің деңгейі жарты сағаттан 
кейін 200-300 халықаралық өлшемнен астам көтеріледі. Ал, 
орталықтық 
салдарлық 
семіру 
кезінде 
енгізілген 
люлиберинге организм пролактиннің көп өндірілуімен жауап 
қайтармайды. Көпшілік жағдайда гипоталамустық семіру 
белгілі мөлшерде гипогонадизммен қабаттасады және бұндай 
адамдар тамаққа қомағай болып келеді.
Гипоталамустық семірудің кейбір түрлері тым ерекше 
өтуіне 
қарай 
бірнеше 
аурулардың 
жекеше 
түрлерін 
(синдромдарды) ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет