165
тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі
бір өмір салтты таңдауы
өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп
ішпейді,
бірақ
жоғарыда
көрсетілген
өзгерістердің
нәтижесінде тәбеті жоғары болудан,
тойыну сезімінің
аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін
лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік
семіруді өзбетінше жүйкелік-эндокриндік дерттік жағдай –
деп қарастыру қажет.
Салдарлық (екіншілік) семіру –
бастапқы
кездерінде
адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының
қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына
және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың
болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі
эндокриндік
аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрофиялық семіру –
май жасушаларының жалпы саны
өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі
ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда оларың көлемі
0,3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1,0 мкл-ге
дейін ұлғаяды. Содан адипоциттердің
көлденең диаметрі
үлкейеді.
Достарыңызбен бөлісу: