Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Электролиттер алмасуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет166/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Электролиттер алмасуының бұзылыстары
Көптеген бүліністердің, соның ішінде өмірге қауіпті 
жағдайлардың, себебі болып электролиттер алмасуының 
бұзылыстары есептеледі. Өйткені олар тағамның қажетті 
бөлшектері болып табылады және организмнің қалыпты 
тіршілігін, оның дамуын қамтамасыз етеді. Электролиттер 
осмостық 
қысымды, 
қышқылдық-сілтілік 
үйлесімділік 
жағдайды, судың жасуша ішінде және оның сыртындағы 
кеңістіктер арасында бөлінісін қалыпты деңгейде ұстап 
тұруға қатысады. Сонымен қатар олар жүйкелік-еттік қозу 
үрдістерінде аса маңызды орын алады және ет талшықтарының 
жиырылғыштығына 
ықпалын 
тигізеді. 
Электролиттердің 
алмасуы басқа заттардың (нәруыздардың, көмірсуларының, 
энергияның, медиаторлардың) алмасуларымен өзара тығыз 
байланысты. 
Міне 
сондықтанда, 
организмнің 
әртүрлі 
гомеостаздық көрсеткіштерінің қалыпты деңгейде сақталуы 
электролиттер алмасуының жағдайына тікелей байланысты. 
Тіршіліктің бұзылыстары: 
● электролиттердің организмге жеткіліксіз немесе 
артық түсуінен, 
● олардың қан плазмасы мен тінаралық сұйықпен 
жасушалар арасында бөлінісінің бұзылыстарынан, 
● организмнен сыртқа несеп, тер, ас қорыту сөлдері 
арқылы тым көп немесе тым аз шығарылуынан - пайда болуы 
мүмкін. 
Организмде 
минералдық 
заттар 
ерітілген 
жағдайда 
электролит немесе нәруыздармен байланысқан түрде болады. 
Электролит деп электр дәрмені бар қарапайым химиялық 
элементті айтады. Қаңқа және тістердің минералдық тұз 
құрамына кальций, магний, натрий, фосфор және фтордың 
едәуір мөлшері кіреді. Сүйекке айналған тіндер тіректік 


196
қызмет атқаруымен қатар, минералдық заттардың маңызды 
қоры болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет