Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Су мен элетролиттер алмасуы реттелуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет164/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Су мен элетролиттер алмасуы реттелуінің бұзылыстары
ренин-ангиотензин-әлдостерон-антидиурездік гормон (АДГ) 
жүйесінің белсенділігі көтерілуден болады. Ол бұл 
гормондардың артық өндіріліп шығарылуынан немесе олардың 
организмде ыдыратылуы бұзылыстарынан дамиды. Бұндай 
жағдайлар 
жүрек, 
бүйрек, 
бауыр 
қызметтерінің 
жеткіліксіздіктері кездерінде кездеседі және екіншілік 
әлдостеронизм дамуына әкеледі. Әлдостерон бүйрек 
өзекшелеінде бастапқы несептен натрий иондарының қанға 
кері сіңірілуін арттыратын болса, АДГ онда судың кері 
сіңірілуін көбейтіп, денеде судың тұтылуын туындатады. 
Тінаралық 
кеңістіктерде 
осмостық 
– 
онкотикалық 
қысымның көтерілуі: 
♣ микроциркуляцияның бұзылыстарынан 
♣ екіншілік әлдостеронизм кезінде натрий иондарының 


191
тіндерде жиналып қалуынан 
♣ тұзды тамақты тым артық қабылдаудан – байқалады.
 
Пайда болу себептеріне және даму жолдарына қарай: 
жүректік, бүйректік, бауырлық, ашығулық, қабынулық, 
уыттық, нейрогендік, аллергиялық, лимфогендік 
т. б. 
ісінулер ажыратылады. 
Жүректік ісіну.
Жүректік ісіну жүрек қызметінің 
жеткіліксіздігі кезінде көк тамырларда қан іркіліп 
қалудан және жүректен шығатын қанның көлемі азаюынан 
болады. 
Көктамырларда 
қан 
іркілуінен 
қылтамырларда 
гидростатикалық қан қысымы көтеріліп, қанның сұйық 
бөлшегінің тамыр сыртына сүзілуі артады. Сонымен қатар 
ірі көктамырларда қан іркілуі лимфалық тамырлардың 
жиырылуына, лимфаның ағуы төмендеуіне, бауыр қызметінің 
бұзылуына, әлбуминнің аз түзілуіне және қанда онкотикалық 
қысымның азаюына әкеледі. 
Жүректен шығатын қан көлемі азаюы: 
● ағзалар мен тіндерде майда қанайналым бұзылыстарынан 
гипоксия, метаболизмдік ацидоз дамуына, қылтамырлардың 
қабырғаларының өткізгіпггігі жоғарылауына; 
● бүйрек ишемиясына, ренин-ангиотензин жүйесі арқылы 
әлдостеронның 
артық 
түзілуіне, 
гипернатриемияға, 
гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбеюіне, 
бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі артуына - 
әкеледі. 
Осы көрсетілгендер организмде судың тұтылып қалуына, 
содан олигоцитемиялық гиперволемия, гипергидратация және 
ісіну дамуын туындатады. (5-сызбанұсқаны қараңыз). 
5-сызбанұсқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет