Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі



Pdf көрінісі
бет165/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 
Бауыр 
қызметі 
бұзылуы 
Лимфалық 
тамырлар 
жиырылуы 
Қылтамыр 
ларда қан 
қысымы 
көтерілуі 
гипоксия 
Бүйрек 
ишемия
сы 
Жүректен шығатын қан 
көлемінің азаюы 
Көктамырларда қан іркілуі 


192
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бүйректік ісіну. 
Бүйректік ісінулердің жолдары оның 
шумақтары 
мен 
өзекшелерінің 
бүліністері 
(нефроздық 
синдром мен нефриттер) кездерінде болады. Нефроздар 
кезінде: 
● бүйрек шумақтарында тіректік (базалдық) мембрананың 
өткізгіштігі жоғарылауы; 
● нәруыздардың несепке көп сүзілуі, әлбуминурия; 
● гипопротеинемия; 
● қылтамырларда онкотикалық қысым төмендеуі тізбектеле 
келіп ісінуте әкеледі.
Нефриттер кездерінде: 
● бүйректе қан айналымы бұзылуы нәтижесінде ренин-
ангиотензин жүйесі арқылы әлдостеронның түзілуі артуы; 
● натрий иондарының кері сіңірілуінен гипернатриемия; 
әлдостерон 
түзілуі 
артуы 
гиперна
триемия 
Вазопрессин 
түзілуі артуы 
Тамыр 
қабырғалары 
өткізгіштігі 
жоғарлауы 
Судың 
несептен кері 
сіңірілуі 
артуы 
 
ацидоз 
Қылтамырлар 
ішінде 
онкотикалық 
қысым 
төмендеуі 
Организмде су тұтылуы

ісіну дамуы
 
Ангиоте
-нзин II
түзілуі 
артуы 
Лимфа 
ағуы 
баяулауы 
Ренин 
түзілуі 
артуы 
әлбумин 
аз түзілуі 


193
● гипоталамуста вазопресиннің түзілуі артуы; 
● судың несептен кері сіңірілуінің күшеюі жинақталып 
ісіну дамуына әкеледі (6-сызбанұсқаны қараңыз). 
6-сызбанұсқа 
Бүйректік ісінудің даму жолдары 
Нефроздық синдром 
нефрон шумақтарының 
тіректік 
мембранасының 
өткізгіштігі көтерілуі 
әлдостерон түзілуі 
артуы 
Нефриттер 
вазопрессин 
артық өндірілуі 
ренин түзілуі артуы 
бүйректе қан 
айналымы бұзылуы 
гипопротеинемия 
әлбуминурия 
гипернатриеми
я 
қанда 
онкотикалық 
қысым төмендеуі 
судың тамыр 
сыртына сүзілуі 
Ісіну 
несептен судың 
кері сіңірілуі 
артуы 


194
Бауырлық ісіну. 
Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның 
қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) 
гипопротеинемиямен, қылтамырлар ішінде онкотикалық қысым 
төмендеуімен байланысты болады. Бауыр циррозы кезінде қан 
ішек-қарын және қақпа көктамырларында іркіліп қалудан, 
қылтамырлар ішінде қан қысымы көтеріліп, сұйық іш қуысына 
сүзілуден іш шемендігі дамуына әкеледі. Сонымен бірге 
бауыр 
аурулары 
кездерінде 
әлдостеронның 
ыдыратылуы 
бұзылуынан, ол әсерлі түрде организмде жиналып қалады. 
Содан салдарлық әлдостеронизм дамып, ол бауырлық ісінуге 
өзінің үлесін қосады. 
Ашығулық ісіну
гипопротеинемиядан қанда онкотикалық 
қысым төмендеуімен, қылтамырлардың нәрленісі бұзылуынан 
олардың 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
жоғарылаумен 
байланысты. 
Қабынулық 
және 
уыттық ісінулер
бүліну ошағында 
микроциркуляцияның 
бұзылуынан 
және 
қылтамырлар 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
жоғарылауымен 
байланысты 
болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин
брадикинин, простагландиндер т. б.) әсерлерінен дамиды. 
Жүйкелік ісіну
су алмасуының жүйкелік реттелуі және 
тамырлар мен тіндердің нәрленуі бұзылыстарынан болады. 
Аллергиялық 
ісінулердің
жолдары 
қабынулық 
және 
жүйкелік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл 
ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылыстарында 
және 
қылтамырлар 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
жоғарылауында 
аллергияның 
дәнекерлері 
(медиаторлары) 
маңызды орын алады. 
Ісінудің организм үшін маңызы.
Ісіну біртектес дерттік 
үрдіс болғандықтан оның бір жағынан бүліндіруші қасиеті 
болса, екінші жағынан белгілі қорғаныстық маңызы бар. 
Ісінулік сүйық айналасындағы тіндерді қысып, онда қан 
айналымын бұзады, қан мен жасушалар арасында қоректік 
заттармен және оттегімен алмасуын қиындатады. Осыдан 
ісінген 
тіндердің 
қоректенуі 
бұзылудың 
нәтижесінде 
олардың микробтарға төзімділігі төмендейді, жиі жұқпалы 
қабынулар дамуы мүмкін. Ісінген тіндерде артынан жиі 
дәнекер тіндері өсіп кетеді. Сұйық ми қарыншаларында, 
жүрек қалтасында, өкпеқап қуысында жиналып қалудан 
тіршілікке манызды ағзалардың қызметтері бұзылыстарына 
әкеледі. 
Ісінудің қорғаныстық маңызы:
● қанда еріген улы заттардың сұйықпен бірге тамырдың 
сыртына шығуына және жергілікті тіндерде ұсталып тұруына 


195
әкеледі; 
● организмнің сұйық орталарында осмостық қысымның 
тұрақтылығын ұстап тұрадды;
● ісінулік сұйық әртүрлі өспе туындататын химиялық 
және улы заттарды сұйылтып, олардың ауру туындататын 
әсерін азайтады;
● бүліну ошағынан қан мен лимфаның ағып кетуін шектеп, 
әртүрлі улы заттардың (бактериялардын, уыттардың т.с.с.) 
организмге тарап кетуінен сақтандырады;
● ісінулік сұйықпен бірге әртүрлі бактерияларды жоятын 
және уытты заттарды уытсыздандыратын арнайы антиденелер 
мен ферменттер шығарылады. Бұл көрсетілгендер әсіресе 
қабынулық ісінулер кездерінде өте маңызды орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет