264
Қосалқы
қанайналымның
дамуы
артерияның
бітелу
жылдамдығына байланысты. Егер артерия біртіндеп баяу
бітелсе, онда қосалқы қанайналым дамуына қажетті уақыт
жеткілікті болады. Ал, егер артерия эмболмен тез бітелсе
онда қосалқы қанайналым дамып үлгермейді, тез ақ инфаркт
дамиды.
Ишемия дамуында ағза мен тіндердің ишемияға дейінгі
қызмет
атқару
жағдайы
маңызды.
Тыныштық
жағдайға
қарағанда ағзаның көтеріңкі қызмет атқару кезінде
артерияның бітелуі ауыр ишемияға әкеледі.
Реперфузия.
Реперфузия - деп
белгілі бір мерзімнен кейін ишемияға
іліккеи ағзалар мен тіндерде қан айналымның қалыпты
жағдайға оралуын айтады
. Бұндай жағдай жиі ангиоспазмдық
ишемиядан кейін немесе емдік шаралардың нәтижелерінде
артериядағы
қан
ұйындысының
тез
ыдырауынан
және
клиникалық өлімнен тірілтілген организмде пайда болады.
Коронароспазмнан кейін жүрек етінің реперфузиясы жиі
кездеседі. Ишемиядан кейін қанның қайта қалыпты мөлшерде
келуі оттегінің ағзаларға көп тасымалдануына әкеледі. Бұл
оттегі тез пайдаланылып үлгермей, бос радикалдардың
(синглетті оттегі, супероксиданион, гидроксил тобы,
сутегінің асқын тотығы) жиналуына әкеліп соқтырады.
Осының салдарынан мембраналарда май қышқылдарының асқын
тотығуы байқалып, мембранамен байланысқан жасушанын
барлық қызметтері бұзылады. Сондықтан ұзақ ишемиядан
кейінгі реперфузиядан жүрек қызметінің бұзылуы байқалады,
Клиникалық өлімнен тірілтілген адамдарда мидың, жүректің,
бүйректің, бауырдың т.с.с. ағзалардың қызметтері қайта
бұзылады. Бұндай ауруларды посгреанимациялық дерттер
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: