Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тромбоз. Тромбоз – деп тіршілік кезінде



Pdf көрінісі
бет228/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тромбоз.
Тромбоз – деп тіршілік кезінде
тамыр ішінде қан 
жасушаларынан тұратын қатпалардың пайда болуын айтады. 
Бұл қан қатпаларының тамыр қабырғаларына байланысуы 
бойынша:
● кемерлік;
● тығындық қан қатпаларын ажыратады.
Кемерлік қан қатпалары тамырдың қабырғасына бекіп, 
оның 
саңылауын 
тарылтады 
және 
жиі 
жүректе, 
ірі 
артерияларда 
дамиды. 
Тығындық 
қан 
қатпалары 
ұсақ 
артериялар мен көктамырларда кездеседі және олар тамырдың 
саңылауын бітеп қалады. Құрамында қан жасушаларының қай 
түрі басым болуына қарай: ақ, қызыл және аралас 
тромбтарды 
ажыратады. 
Ақ 
тромб 
тромбоциттерден, 
лейкоциттерден, 
аз 
мөлшерде 
плазма 
нәруыздарынан 
құрылады. Қызыл тромб эритроциттерден тұратын қан 


266
ұйындысынан, аралас тромб ақ және қызыл тромбтардың 
араласуынан пайда болады. 
Тромбоз даму патогенезінде: 
● қан тамырлары қабырғаларының тұтастығы бүлінуі; 
● тромбоциттердің адгезиялық-агрегациялық белсенділігі 
артуы; 
● 
ұюға 
қарсы 
факторлардың 
тапшылығы 
немесе 
белсенділігі төмен болуы; 
● қан үю факторларының белсенділігі артып кетуі; 
● фибринолизді күшейтетін ықпалдардың азаюы; 
● қанның ағу жылдамдығының баяулауы - маңызды орын 
алады. 
Қан тамырлары қабырғалары тұтастығының бүлінуіне 
әкелетін себепкер ықпалдарға: 
● механикалық жарақаттар; 
● иммундық үрдістер; 
● микробтар мен олардың уыттары; 
● химиялық заттар, зат алмасуларының аралық қышқыл 
өнімдері; 
● тамыр қабырғалары нәрленуінің бұзылыстары; 
● атеросклероз, аневризма дамуы т.б. құбылыстар 
жатады. 
Осы 
көрсетілгендердің 
нәтижесінде 
қан 
тамырларының ішкі қабатындағы эндотелий жасушаларының 
әдеттегі атқаратын қызметтері бұзылады. Сондықтан бұл 
жасушалар:
♣ қан ұюына қарсы (антитромбин Ш, простациклин, 
гепаринге ұқсас заттар т. с. с.) заттар мен фибринолизді 
арттыратын (плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерін т. 
т.) заттарды өндіру қабілетін жоғалтады; 
♣ белсенділігі көтерілген қан ұю (V, ҮIII, IX, X) 
факторларын дер кезінде әсерсіздендіре алмайды. Ол үшін 
қан плазмасында, антитромбин III пен гепариннен басқа, 
протеин С және S болулары қажет. Бұл протеиндер К-
витаминінің қатысуымен бауырда өндіріледі және табиғи 
антикоагулянттарға жатады. Олар қан плазмасында әсерсіз 
түрлерінде болады. Протеин С, бүлінбеген эндотелий 
жасушаларының 
сыртқы 
бетінде 
болатын, 
тромбинді 
байланыстыратын 
рецептор 
тромбомодулиннің 
қатысуымен 
әсерленеді. Бұл нәруыздың туа біткен және жүре пайда 
болған тапшылығы жиі тромбоз және тромбоэмболия дамуына 
әкеледі. Қалыпты жағдайда протеин С және S тромбинді 
әсерсіздендіреді. Бұл кезде тромбин бүлінбеген эндотелий 
жасушаларының беттеріндегі тромбомодулинмен байланысып, 
қан плазмасындагы протеин С-ді әсерлендіреді. Әсерленген 
протеин С протеин S-пен байланысып кешен құрады. Бұл 
протеин 
С-S 
кешені 
протеолиздік 
әсер 
етеді 
және 


267
белсенділігі көтерілген қан ұю факторларын (V, ҮIII) қан 
плазмасынан аластайды. 
Әсерленген протеин С жергілікті фибринолиздік әсер 
етеді. Ол плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштерінің 
тежегіштерін ыдыратады. 
Эндотелий жасушаларының тұтастығы бүлінгенде немесе 
олардың 
физиологиялық 
қасиеттері 
өзгергенде 
қан 
плазмасындағы белсенділігі көтерілген ұю факторларының 
әсерсіздендірілуі және олардың қаннан аластануы болмайды. 
♣ бүлінген қан тамырлары қан ұю жүйесіне әсер 
ететін 
биологиялық 
белсенді 
заттарды 
(гормондарды, 
простагландиндерді, 
кининдерді) 
әдеттегідей 
ыдырата 
алмайды. Осы келтірілгендердің нәтижесінде тамыр ішінде 
тромб түзілуіне өте қолайлы жағдай дамиды. 
Тромбоз дамуы үш сатыда өтеді: 
● 
бірінші 
сатысында 
тромбоциттердің 
эндотелий 
жасушалары бүлінген жерлерге жабысуы (адгезиясы); 
● екінші сатысында тромбоциттердің өзара бірімен-бірі 
жабысуы (агрегациясы); 
● 
үшінші 
сатысында 
плазмалық 
ұю 
факторларының 
қатысуымен қанның ұюы (коагуляциясы) болады. 
Тромбоз дамуы тұтастығы бүлінген тамыр қабырғасына 
тромбоциттердің жабысуымен басталады (3-сурет). Оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет