348
анықтайтын гендер – деп ажыратты.
Сайып
келгенде,
атопиялық
аурулардың
дамуында
гендердің
ауытқуларынан
IgE
өндірілуінің
артуы,
аденилатциклаза
ферментінің
белсенділігі
төмендеуі,
сөлденістік IgA өндірілуі азаюы т.с.с. маңызды болуы
ықтимал.
● бұл аурулардың даму жолдарында, арнайыланған
иммундық
серпілістермен
қатар,
арнайыланбаған
бейспецификалық тетіктер елеулі орын алады. Оларға
мыналарды:
♣ организмнің дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің
өзара қатынасы бұзылуын; осыдан парасимпатыкалық жүйке
жүйесінің межеқуаты көтеріліп, β
2
-адренергиялық жауап
қайтарудың төмендеп кетуі байқалады;
♣ лаброциттер мен базофилдердің өз беттерінше ешбір
себепсіз немесе әртүрлі иммундық емес түрткілерге жауап
ретінде көптеп іштеріндегі түйіршіктерін, солармен бірге
медиаторларын, сыртқа босатып шығару қабілетінің артып
кетуін;
♣ қанда эозинофилдер көбейіп, олардың шырышты
қабықтарда шоғырлануын;
♣ тыныс алу жолдары мен ішек-қарын жолдарынан көптеп
шырыш шығарылуын - жатқызуға болады;
● бұл аурулар кездерінде, белгілі бір ағзаның
бүліністеріне ғана әкелетін анафилаксиялық серпілістерге
қарағанда, кезкелген ағза мен тіндердің бүліністері
байқалады. Былайша айтқанда, белгіл бір «сілеймелік
(шоктық) ағза» болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: