Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп жүректің насос



Pdf көрінісі
бет407/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп жүректің насос 


489
ретінде ағзалар мен тіндерде заттардың алмасуына қажетті 
сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайтын жағдайын айтады. 
Жүрек бөліктері бүліністерінің басымдығына қарай: 
● сол жақ қарыншалық; 
● оң жақ қарыншалық; 
● 
тұтас 

жүрек 
қызметінің 
жеткіліксіздіктерін 
ажыратады. 
Өту жылдамдықтарына қарай: 
● жіті; 
● созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі – деп 
бөледі. 
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік 
жолдармен дамуы мүмкін: 
● шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің 
зорығуынан; 
● миокардтың біріншілік бүліністерінен; 
● перикард қызметінің бұзылыстарынан; 
● жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан; 
● осы көрсетілгендердің біріккен бұзылыстарынан. 
Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 
және оған икемделістік-бейімделу жолдары.
Жүрек шамадан тыс артық қызмет атқарудан біртіндеп 
оның зорығуы болып, созылмалы қан іркілулік жеткіліксіздік 
дамиды. Жүрек қызметінің зорығуы оған ағып келетін қан 
көлемінің көбеюінен немесе қанның жүректен шығуына 
кедергінің тым артуынан болады. Жүрекке ағып келетін қан 
көлемінің көбеюінен дамитын жүрек зорығуын 
көлеммен зорығу 
немесе 
жүрек алдылық жүктеме, 
жүректен қан шығуына 
кедергінің артуынан дамитын зорығуды 
кедергімен 
немесе 
қысыммен
зорығу (жүрек соңылық жүктеме) 
дейді. 
Көлеммен зорығу: 
● айналымдағы қанның көлемі көбеюден полицитемиялық 
гиперволемия (Вакез ауруы) кезінде; 
● икемделістік түрде жүрек ұзақ мерзім артық қызмет 
атқарғанда (мәселен, ұзақ ауыр қол жұмысын атқарғанда, 
спортпен шұғылданғанда, феохромо- цитома, тиреотоксикоз 
т.с.с. аурулар кездерінде); Бұл кездерде жүрек соғуының 
жиілеуінен ол арқылы өтетін қанның көлемі көбейеді, содан 
оның зорығуы дамиды
● эндокардтың қабынуынан болатын жүрек қақпақшаларының 
кемістігі кездерінде - байқалады. Соңғы жағдайда жүрек 
қуысына диастола кезінде қан, әдеттегі жолмен бірге, 
қақпақшалардың 
толық 
жабылмауынан 
жүректің 
кейінгі 
бөлігінен кері бағытта түседі. Мәселен, қолқа тамыры айшық 
қақпақшасының кемістігі кезінде сол жақ қарыншаның 


490
диастоласында оның қуысына қан, әдеттегі жолмен сол 
жүрекшеден түсуімен қатар, қолқа тамырынан кері оралып 
кіреді. Содан сол жақ қарыншаның ішінде қанның көлемі 
көбейеді. Бұл оның атқаратын жұмысын арттырады да, 
біртіндеп зорығу пайда болады. 
Осыған ұқсас басқа қақпақшалардың кемістіктері де 
жүректің сәйкес бөліктерінің зорығуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет