518
жүрекшелердің әртүрлі бөліктерінде орналасуынан дамиды.
ЭКГ-да Р-өркешінің өзгерістерімен көрінеді. Ол,
ошақтың
орналасқан жеріне қарай, қалыптыдан ұзарған, екі бағытта
бағытталған, немесе теріс түрде болуы мүмкін.
Бұл кезде
QRST
кешені
өзгермейді,
бірақ
жүректің
кезексіз
жиырылуынан кейін диастолалық үзіліс біршама ұзарады. Бұны
жартылай икемделістік үзіліс
деп атайды. Жүрекшелердегі
қосымша ошақта пайда болған серпін екі бағытта қозғалады.
Бірінші бағыт қалыпты өткізгіш жүйемен жүрек ұшына қарай
қозғалып жүректің кезектен тыс жиырылуына әкеледі.
Сонымен
бірге серпін кері бағытта қозғалып синустық-жүрекшелік
тораптағы қалыпты кезекті серпінді жояды. Сондықтан келесі
кезекті серпіннің әсерінен дамитын жүрек
жиырылуы біршама
кешігіп дамиды.
Атрио-вентрикулалық
экстрасистолия
қосымша
қозу
ошағының жүрекше-қарынша аралық торапта орналасуынан
дамиды. Егер эктопиялық ошақ
бұл тораптың жоғарғы немесе
ортаңғы бөліктерінде орналасса,
онда бұл ошақта пайда
болған серпін екі бағытта (қарыншаларға қарай және
жүрекшелерге
қарай)
тарайды.
Бұл
кезде
серпіннің
жүрекшелерге қарай кері бағытта тарауынан ЭКГ-да теріс Р-
өркеші тіркеледі және бұл теріс
Р-өркеші қарыншалардың QRS
кешенімен бірігіп кетуі мүмкін. Экстрасистоладан кейін
диастолалық үзіліс біршама ұзарады.
Кейде экстрасистола
жүрекшелер мен қарыншалар бір мезгілде жиырылуымен
қабаттасады.
Егер эктопиялық ошақ
атриовентрикулалық тораптың
төменгі бөлігінде орналасса,
онда экстрасистоладан кейін
екі қалыпты диастолалық үзілістің ұзақтығына тең
Достарыңызбен бөлісу: