Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


●  көңіл-күйге әсерлі затты қабылдау біршама сирейді,  бірақ оны қабылдау міндетті түрде болады;  ●



Pdf көрінісі
бет52/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

● 
көңіл-күйге әсерлі затты қабылдау біршама сирейді
бірақ оны қабылдау міндетті түрде болады; 
● 
бұл затты қабылдайтын адам оның өлшемін азайтады; 
● 
бұл затты қабылдау организмнің жайсыз жағдайын 
жоғалтпайды және көңіл-күйін жадыратпайды. Ол тек доғару 
синдромынан сақтандырады немесе оның өту ауырлығын 
жеңілдетеді; 
● 
адамның бет әлпеті әжімделіп, ол тез қартайып 
кетеді, 
қимыл-қозғалыстарының 
үйлесімсіздігі 
дамып, 
тәлтіректеп жүреді; 
● 
көптеген ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады. 
Өйткені 
организмде 
қан 
айналымдарының 
және 
зат 
алмасуларының қатты бұзылыстары, ағзалар мен тіндердің 
құрылымдық өзгерістері пайда болады. Осыдан мынадай 
клиникалық көріністер байқалады: 
♣ 
ас қорытылудың үдемелі бұзылыстарынан тәбеттің 
жоғалуы, жиі іш өту, іш қату, қайта-қайта құсу т.с.с.; 
♣ 
ішектерде тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылудан 
қатты арып, жүдеу; 
♣ 
қанайналым жеткіліксіздігінен артериалық қан 
қысымы төмендеуі, тамыр соғуы баяулауы, ағзалар мен 
тіндерде майда қанайналым бұзылуы; 
♣ 
тыныс алу жеткіліксіздігі; 
♣ 
бауырдың 
уытсыздандыру, 
метаболизмдік 
және 
нәруыздар түзу қызметтерінің бұзылыстары, бауырды май 
басу, оның беріштенуі; 


64
♣ 
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі; 
♣ 
ми мен жүйкелердің бұзылыстары; 
♣ 
адамның ойлау қабілеті төмендеуден оның азғындауы 
т.б. көріністер байқалады. Науқастың мінез-құлқы өзгеріп, 
ақыл-есі кемиді, парасаты төмендейді, қоршаған ортасына 
қызығушылық сезімін және өзіндік даралығын жоғалтады.
Бұл сатыда организмнің жұқпаларға төзімділігі азаюдан 
және жүрек пен бүйрек қызметтерінің бұзылыстарынан адам 
жиі өлімге ұшырайды. 
Маскүнемдік. 
Маскүнемдік - ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан 
дамитын әлеуметтік, жан-дүниелік және физиологиялық 
бейімделу үрдістерінің бұзылыстары. Бұл дерт ақырындап 
адамның әл-қуатын, ойлау қабілетін әлсіретіп, оның 
азғындауына әкеледі. Ішімдікке рухани және физикалық 
тәуелділік дамиды, оны тоқтатқаннан кейін доғару синдромы 
байқалады. 
Ішімдікке 
салынудың 
нәтижесінде 
адам 
әлеуметтік сәтсіздіктерге ұшырайды. Маскүнемдік 20-29 
жастағы жас адамдарда қалыптасады. Оның нәтижесінде 
балалар мен жеткіншектердің жалпы дамуы мен жетілуі, 
білім алуға деген ынтасы әлсірейді, белгілі бір кәсіпті 
игеруге 
және 
әлеуметтік 
жағдайларға 
бейімделу 
мүмкіншіліктері азаяды. Оларда маскүнемдік: 
● көңіл-күйінің тұрақсыздығымен, тұнжырауымен, үйінен 
қашып кетумен, өзіне қол жұмсауға талпыныстық ойлармен,
● 
мінез-құлқының 
өзгерістерімен 
(қатігездікпен, 
айналасындағыларды 
бүлдіріп 
шағумен, 
әлеуметтік 
жағдайларға қарсы әрекеттермен), 
● мектепте сабақ үлгерімі нашарлауымен, жақсылыққа 
деген бейжайлықпен, қызығушылықтың жоғалуымен т.с.с. 
белгілермен көрінеді.
Егде адамдарда маскүнемдік жиі аңғарылмайды. Оларда 
оның белгілері өте құбылмалы болып келеді. Маскүнемдіктің 
көріністерін жиі созылмалы аурулардың әйгіленімдеріне 
немесе 
қарттық 
өзгерістерге 
жатқызады. 
Еркектер 
маскүнемдікке 5 есе жиі ұшырайды. Әйелдер ішімдікті 
көбінесе жасырынып ішеді және оларда маскүнемдік тезірек 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет